Оқушыға

Қолайсыз ауа райы кезінде мектептерде (колледждерде) сабақтарды тоқтату тәртібі

Қысқы уақытта елімізде ауа-райы жағдайын болжап айту қиын екендігі белгілі. Кейде, далада жүрмек түгіл, шығуға да мумкін емес болатындай жағдай тууы мүмкін, сондықтан біздің елімізде мектептер мен колледждерде сабақтар жиі тоқтатылады. Бірінші кезекте қандай ауа райы жағдайларында сабақтар тоқтатылатыны туралы түсініп көрейік, тоқтату қағидалары туралы, сондай-ақ бүгін мектепке барудың қажеті жоқ екенін қалай білуге болатынын біліп алайық.

Қандай дереккөздер мектепте (колледжде) сабақты тоқтату туралы сенімді ақпарат береді?

Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және  кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларына сәйкес халыққа ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату туралы хабарландыру туралы ақпаратты мемлекеттік білім беруді басқару органдары келесі тәртіппен жариялайды:

  • телевидениеде жүгіртпе жол түрінде;
  • радиода трансляциялау арқылы;
  • 169 (ақылы анықтама) немесе 109 (ұялы телефоннан тегін) телефоны арқылы;
  • ресми интернет-ресурсында және Астана қаласы білім басқармасының (bilim.astana.kz) Facebook әлеуметтік желісі бетінде;
  • Smart Astana қолданбалы бағдарламасы арқылы.

Күн сайын, таңғы сағат 6.00-де бірінші ауысым үшін (екінші ауысым үшін сағат 12.00-де) жауапты қызметкер «Қазгидромет» ШЖҚ РМК кезекшісімен алдағы үш сағатқа Астана қаласында нақты температура мәні (болжам) бойынша деректер алу үшін хабарласады. Алынған деректер басшылықпен келісіледі, ол басшылық сабақтарды тоқтату туралы жариялау немесе оқу процесін өзгеріссіз ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды.

Сабақтарды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты қызметкер осы ақпаратты Астана қаласы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасының жедел кезекшісіне, Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы (109 қызметі) операторына, Астана қаласы Әкімінің қабылдау бөлмесіне хабарлайды.

Бұдан әрі сабақтарды тоқтату туралы хабарландыру бірінші ауысым үшін сағат 6.15 бастап, екінші және үшінші ауысым үшін сағат 12.15 бастап жүргізіледі.

Халыққа тек қана сабақтар тоқтатылған жағдайда хабар беріледі

Мемлекеттік білім беруді басқару органдары күнделікті негізде ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату мониторингін жүргізеді.

Қандай ауа-райы кезінде сабақтарды тоқтатады?

Білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату бекітілген сабақтарды тоқтату туралы хабарлау үшін ұсынылатын қолайсыз ауа-райы метеожағдайлары көрсеткіштері негізінде жүргізіледі және білім беру ұйымы басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.

Сізге ыңғайлы болу үшін, төменде белгілі бір сыныптарда сабақтарды тоқтату үшін температуралықкөрсеткіштері бар кесте келтірілген.

Ауа температурасы Желдің жылдамдығы Сабақтарды тоқтату үшін
-25-29 және одан төмен 2-4 м/с 0-4 сынып
-25-29 және одан төмен 5 м/с және одан жоғары 0-9 сынып
-30-34 және одан төмен 2-4 м/с 0-9 сынып
-30-34 және одан төмен 5 м/с және одан жоғары 0-11 (12) сыныптар Колледждерде 1,2 курстар үшін
-35 және одан төмен 2 м/с және одан жоғары 0-11 (12) сыныптар Колледждерде 1,2 курстар үшін

Интернаттық білім беру ұйымдарында ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату білім алушылардың тұру үшін жағдайларын ескере отырып жүргізіледі.

Ата-аналарға метеодеректер, сондай-ақ интернет-қолданбалы бағдарламалары және басқа да тексерілмеген көздері арқылы алынған өзге ақпаратты ПАЙДАЛАНБАУҒА ұсынылады

Сабақтар тоқтатылған күндері қалып қойған оқу материалының есесін қалай толтырады?

Кейде аязды күндер ұзақ уақытқа созылып нәтижесінде қажетті оқу материалы жоспары бұзылады. Осындай жағдайларда білім беру ұйымдары қандай шаралар қабылдайды?

Егер сабақтар 5 күннен артық мерзімге тоқтатылса, онда оқу пәндерінің мазмұнының интеграциялануын, резервтік сағаттар және қайталауға бөлінген сағаттарды ескере отырып  құрылтайшының келісімі бойынша білім беру ұйымының жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспарына түзетулер енгізу қажет.

Өтіп кеткен оқу уақытын демалыс есебінен немесе шекті рұқсат етілген оқу жүктемесін ұлғайту арқылы өтеуге болмайды

Білім беру бағдарламаларын білім алушыларға толық көлемде өткізу мақсатында ұстаздар әр түрлі өзіндік жұмыс нысандарын, соның ішінде дистанциялық оқыту нысандарын қолданады. Қолданылатын жұмыс нысандары, өзіндік жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мұғалімдер, сынып жетекшілері жеткізеді.

Сонымен қатар, сабақтар тоқтатылған күндері білім алушылар педагогтардың талаптарына сәйкес тапсырмаларды дистанциялық тәртіпте өз бетінше орындауы және орындалған тапсырмаларды тексеру үшін ұсынуға тиіс.

Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері), өз кезегінде, сабақтарды тоқтатқан күндері балаларының ұй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Егер бала сабақтар тоқтатылған күні мектепке (колледжге) келсе?

Сабақтар тоқтатылған күні келген білім алушылар үшін бақылау жұмыстарын және пән бойынша жаңа тақырыпты өтуді қоспағанда барлық сабақ түрлері  (оқу, қосымша, үйірме, ұзартылған күн топтарының  жұмысы), сондай-ақ ыстық тамақпен қамтамасыз ету бірінші басшы бекіткен және құрылтайшымен келісілген сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде жүргізіледі.

Сабақ кестесіне сәйкес барлық журналдардың түрлерінде күні қойылады, ал "Сабақтың тақырыбы" бағанында "актіленген күн" деп жазылады. Сабақтар тоқтатылған күні орындалған жұмыс үшін білім алушыға баға түзету енгізілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес келесі оқу сабақтары күндерінде журналдың бағанына қойылады.

Ата-аналар (заңды өкілдер) өздерінің баласы сабақтар тоқтатылған күні білім беру ұйымына баратыны туралы шешім қабылдаған жағдайда оның білім беру ұйымына және кері қарай жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі: egov.kz

Республикалық олимпиадалар және оқушылар үшін конкурстар

Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Республикалық олимпиадалар жыл сайын өткізіледі.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадар

 Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;

  • жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;

  • дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;

  • халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау;

  • Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиаданы орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес әрбір пән мен сынып бойынша тиісті білім беруді басқару органдары оқу жылы барысында төрт кезеңде өткізеді:

  • бірінші кезең — білім беру ұйымдарында, өтетін уақыты – ағымдағы оқу жылының қараша айынан кешіктірілмей білім беру ұйымдарының дайындаған тапсырмалары бойынша өтеді;

  • екiншi кезең — аудандық (қалалық), аудандық және қалалық білім беруді басқару органдары өткізеді;

  • үшінші кезең — облыстық, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары өткізеді;

  • төртінші кезең — республикалық, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республиканың әртүрлі өңірлерінде өткізіледі.

Олимпиаданың бiрiншi және екiншi кезеңдерiне орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.

Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi «Қазақ тiлi» пәнi бойынша ұлты қазақ емес оқушылар қатыса алады.

Олимпиаданың үшiншi кезеңiне екiншi кезеңнен iрiктелiп алынған жалпы орта білім беру ұйымдарының ең үздiк үш оқушысы, Астана және Алматы қалалары, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ үшiн — алты оқушы қатысады. Олимпиадаға қатысу үшін тиiстi деңгейдегi бiлiмi бар қатысушылар жоғары сыныптардың бағдарламалары бойынша жіберіледі.

Олимпиаданың төртінші кезеңiне үшінші кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелеріне сәйкес әр сынып және пән бойынша екі қатысушыдан артық емес) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерi бойынша 9-11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ олимпиадалық резервтің оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылар қатысады.

Мектепішілік, аудандық және облыстық (қалалық) олимпиадалардың жүлдегерлерi бiлiм беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады. Олимпиаданың төртінші кезеңінің жеңiмпаздар саны әр пән және сынып бойынша Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысушылар санының 45%-ын құрайды.

Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады.  Олимпиаданың республикалық кезеңінің I, II және III дәрежелi дипломдар саны мына үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелi дипломдармен 30 %-ы, I дәрежелi дипломдармен 20 %-ы марапатталады.

Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

  • орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

  • жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

  • тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

  • бірінші кезең — өңірлік — 1 қарашаға дейін;

  • екінші кезең — іріктеу кезеңі, 2 турда өткізіледі:

—1-тур — қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;

— 2 тур — шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу (1 беттен аспайды, 45 минут);

  • үшінші (қорытынды) кезең — республикалық (желтоқсанның бірінші онкүндігі).

Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде тапсырмаларды төрт пәннен орындайды: математика, физика, химия және биология.

Президенттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатысады. Іріктеу кезеңіне әр облыс, Астана және Алматы қалалары, «НЗМ» ДББҰ Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысына сәйкес құрамы 20 адамнан тұратын командалар ұсынады (әр пәнге 5 қатысушыдан), РБҰ — әр пән бойынша 2 қатысушыдан аспайды.

Республикалық ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі — ұйымдастыру комитеті) іріктеу кезеңінің 2 тур нәтижелері бойынша Президенттік олимпиаданың кезеңіне қатысушылардың тізімін бекітеді.

Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің барлық қатысушыларына осы бұйрыққа қоса беріліп отырған формасы бойынша сертификаттар тапсырылады.

Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр пән бойынша Министірліктің дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздар саны қатысушылар санының 25%-ын құрайды. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде І, II және III дәрежелі дипломдар саны мына үйлесімділікпен анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелi дипломдармен 30 %-ы, I дәрежелi дипломдармен 20 %-ы марапатталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар бір пәннен жазылады (олардың белгілі бір пәннен неғұрлым көбірек жинаған балының санына сәйкес).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары

Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:

  • оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

  • ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;

  • Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.

Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың (Intel ISEF) талаптарына сәйкес — Ғылыми Рецензиялау Комитетімен (бұдан әрі — ҒРК) өткізіледі.  ҒРК — Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.

Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәлеметтер беруге жол берілмейді.

Ғылыми конкурсқа келесі жұмыстар  ұсынылады:

  • аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және бұрын танылмаған, ерекше жақтары көрсетілген;

  • мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;

  • әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар.

Ғылыми конкурсқа келесі жұмыстар жіберілмейді:

  • жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин);

  • республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған.

Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:

  • титул парағы;

  • мазмұны;

  • абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;

  • кiрiспе;

  • зерттеу бөлiмi;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

  1. Титул парағында мыналар көрсетiледi:

  • жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;

  • автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;

  • жұмыстың атауы;

  • жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

  • жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

  • қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

  1. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:

  • зерттеудің мақсаты;

  • гипотезасы;

  • кезеңдерi, зерттеудiң реті;

  • тәжірибенің әдiстемесi;

  • зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;

  • жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;

  • нәтижелерді практикада қолдану салалары;

  1. Кiрiспеде (2 беттен артық емес) мыналарар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

  2. Жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:

  • осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

  • қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;

  • жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

  • суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер);

  1. Пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нөмiрлеу реті болуы керек;

  2. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;

  3. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:

  • автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;

  • мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);

  • журналдың, кiтаптың аты;

  • басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);

  • басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

  1. Әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;

  2. Төртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

  • бірінші кезең — мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;

  • екінші кезең — облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі — РБҰ) мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі — «НЗМ» ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең 2 тур өткізіледі:

— бірінші тур — жобаны қорғау;

      екінші тур — осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтетін пәндер тізіміне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу. Әдістемелік кеңес құрастырған тестілер орындауға 2 астрономиялық сағат берілетін 60 сұрақты (120 балл) қамтиды. Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50%-дан төмен емес ұпай жинауы тиіс. Командалық жұмыстар үшін өту балы жұмыстың авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.

  • үшінші кезең – іріктеу, жобаны алдын ала сараптауды қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық білім беру ұйымдары өткізеді, жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Дарын» РҒПО өткізеді;

  • төртінші (қорытынды) кезең — республикалық — жобаны қорғау.

Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.

Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрi және ілеспе құжаттарын (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) қоса отырып жұмыстарын ұсынады.

Үшінші кезеңді қорытындылау кезінде тестілеуде алған балдары мен жобаны қорғауда алған балдары қосылады. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткерлері Ғылыми конкурстың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым көп балл жинаған, Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДББҰ (әр бағыт бойынша екі жобадан артық емес) жүлдегерлері болып табылады.

Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн ҚР білім және ғылым вице-министрімен бекiтіледi және бекiтiлгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ, «НЗМ» ДББҰ-ның назарына жеткiзіледi. Төртінші кезең — зерттеу жұмысын қорғау және рәсімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 10-15 минут беріледі.

Ғылыми конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады

Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр секция және әр жоба бойынша Ғылыми конкурстың республикалық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 %-ын құрайды.

 Ғылыми конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары І, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі дипломдармен 20%-ы марапатталады.

Орындаушылардың республикалық конкурстары

Конкурстардың негізгі міндеттері:

  • оқушы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру мен дамыту;

  • орындаушыларды оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін іріктеу және енгізу,

  • білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру болып табылады.

Конкурстар «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Ән салу», «Музыка теориясы» мамандықтары бойынша мамандану бағыттары кезегімен ауысып өткізіледі. Конкурстарға қатысуға орындайтын конкурстық бағдарлама дайындаған және білім беру ұйымы педагогикалық кеңесінің ұсынымын алған қатысушылар жіберіледі. Білім беру ұйымы конкурстарға қатысуға әрбір номинация бойынша екіден көп емес қатысушы ұсынады.

«Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға қатысуға өзге де музыкалық мамандықтардың студенттері жіберіледі.

Ұйым қатысушыларды алып жүру үшін концертмейстерді және бір оқытушыны анықтайды және жолдайды.

Конкурстарға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті көрсеткен мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған түрде ғана нысан бойынша қабылданады. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Туу туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке куәліктің көшірмесі);

  2. 10х15 см көлеміндегі бір фотосурет;

  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымы;

  4. Конкурсқа қатысушылардың турлар бойынша бағдарламасы.

Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы

Конкурсқа облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары өткізетін облыстық конкурстың жеңімпаздары қатысады. Конкурсқа қатысушы Ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім.

  2. Өңірлік деңгейдедегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі.

  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. 3х4 сантиметр көлеміндегі 4 фото сурет;

  5. Мінездеме — жіберіп отырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының ұсынымы;

  6. 086/Е медициналық анықтамасы.

Толық емес құжаттардың жиынтығы ұсынылған жағдайда, түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттар қайтарылады. Конкурс 1 (бір) кезеңнен тұрады.

Осы Ереженің 5-тармағында көзделген ұсынылған құжаттарды және конкурстық тапсырмаларын орындау нәтижелерін бағалау үшін Министрдің бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия құрамына белгілі бір мамандық бойынша кемінде 3 (үш) сарапшыдан тұратын конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ сан. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды. Сараптамалық кеңестің мүшелері конкурстық тапсырмаларды орындағаннан кейін конкурстық комиссияға конкурсқа қатысушылардың конкурстық тапсырмаларды орындауы туралы қорытындысын (ерікті нысанда) ұсынады. Конкурстық комиссиясының мүшелері сарапшылардың ұсынған пікірлері негізінде конкурс қатысушыларын БАЖ-ды пайдалана отырып, құзыреттердің техникалық сипаттамаларына сәйкес бағалайды. Конкурстың жеңімпаздары әрбір мамандық бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды иелену арқылы конкурстық комиссияның шешімімен ерікті нысанда конкурстық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі: https://egov.kz/cms/ru/articles/secondary_school/2Frepublic_olimp