Бүгiн Қызылжар ауданының Чапаево ауылында «Қызылжар сүт» серiктестiгiнiң сүт фермасы iске қосылды. Бұл ақылды және цифрлы ферма. Процестер автоматтандырылған, сол арқылы еңбек өнiмдiлiгi артады. Инвестициялар көлемi 3,3 млрд теңгенi құрады. 35 солтүстiкқазақстандық тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Бұл ферма жылына 3,6 мың тонна сүт өндiретiн болады. Бiздiң елiмiзде бiр қазақстандыққа шаққандағы сүт тұтыну нормасы жылына 340 литрдi құрайды. Яғни, 3,6 мың тонна өндiретiн бiр ғана ферма жылына 10 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Биыл облыста 10 сүт фермасының құрылысын бастау мiндетi қойылды. Iс жүзiнде 11 ферма салына басталды. Оның iшiнде 5 сүт кешенi ашылды. Тағы 10 ферманың құрылысы 2021 жылы басталады. Бұл жобаларға қаражат 2021 жылғы бюджетте қарастырылған.
Ақпарат көзі: www.gov.kz