Бүгiн, 10 қаңтарда Мәжiлiс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтiп жатыр. Таңертең облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өзiнiң сайлау учаскесiне келiп, дауыс бердi.
«Биылғы сайлаудың ерекшелiгi — барлық деңгейдегi депутаттар партиялық тiзiм бойынша сайланады. Бұл қазақстандық парламентаризмнiң жаңа парағы. Бiз жаңа саяси мәдениеттi қалыптастырамыз. Қоғамдық ұйымдар мен партиялар арқылы адамдар мемлекеттiк басқаруға қатысады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/sko