Е-Асхана

Жоба мектепте тамақтануды қолма-қол есеп айырысуға ауыстыру (мектеп картасы боынша төлеу) және мектеп буфеттерi мен асханаларында тамақтануды есепке алуды автоматтандыруға арналған.

Е-Асхата — бұл мектеп асханаларында тамақтануды қолма-қол ақшасыз төлекдi және сатылған тағамдар мен буфеттiк өнiмдi сатуды есепке алуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық-аппараттық кешен.

Шешiмдi ендiру мыналарға мүмкiндiк бередi:

  • мектеп асханасында тамақтанудың барлық түрлерi бойынша толық қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуге;
  • мектепте тамақтануға бөлiнетiн ата-аналар және бюджет қаражаттарын пайдалануды ашық ету;
  • оқушылардың ата-аналарының мектепте тамақтануға берген қаражатын мақсатсыз пайдалануы мүмкiндiгiн жоюға;

Жоба мына мiндеттердi шешедi:

  • оқушылардың мектепте тамақтануына ата-аналары бөлетiн ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудi;
  • оқушылардың қолма-қол қаражатты пайдаланбай тамақтануға ақы төлеу үдерiсiн автоматтандыру;
  • оқушылардың тамақтануына бөлiнетiн ақша қаражаттарын тiркеу және бақылау;
  • мектеп оқушыларына қызмет көрсету жылдамдығын арттыру;
  • тамақтанушылар санын есепке алу;
  • iске асыру туралы деректер негiзiнде өнiмдерге тапсырыс берудi есепке алу және жоспарлау;
  • iске асыру туралы деректер негiзiнде азық-түлiктердi шығынға жазуды есепке алу және бақылау;
  • тамақтанушылардың әртүрлi санаттары үшiн жеке мәзiр ұйымдастыру.
Жариялану күні: 21.05.2018