Жоба мектепте тамақтануды қолма-қол есеп айырысуға ауыстыру (мектеп картасы боынша төлеу) және мектеп буфеттерi мен асханаларында тамақтануды есепке алуды автоматтандыруға арналған.
Е-Асхата — бұл мектеп асханаларында тамақтануды қолма-қол ақшасыз төлекдi және сатылған тағамдар мен буфеттiк өнiмдi сатуды есепке алуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық-аппараттық кешен.
Шешiмдi ендiру мыналарға мүмкiндiк бередi:
- мектеп асханасында тамақтанудың барлық түрлерi бойынша толық қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуге;
- мектепте тамақтануға бөлiнетiн ата-аналар және бюджет қаражаттарын пайдалануды ашық ету;
- оқушылардың ата-аналарының мектепте тамақтануға берген қаражатын мақсатсыз пайдалануы мүмкiндiгiн жоюға;
Жоба мына мiндеттердi шешедi:
- оқушылардың мектепте тамақтануына ата-аналары бөлетiн ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудi;
- оқушылардың қолма-қол қаражатты пайдаланбай тамақтануға ақы төлеу үдерiсiн автоматтандыру;
- оқушылардың тамақтануына бөлiнетiн ақша қаражаттарын тiркеу және бақылау;
- мектеп оқушыларына қызмет көрсету жылдамдығын арттыру;
- тамақтанушылар санын есепке алу;
- iске асыру туралы деректер негiзiнде өнiмдерге тапсырыс берудi есепке алу және жоспарлау;
- iске асыру туралы деректер негiзiнде азық-түлiктердi шығынға жазуды есепке алу және бақылау;
- тамақтанушылардың әртүрлi санаттары үшiн жеке мәзiр ұйымдастыру.