Өңір жаңалықтары :: Бүкiлқазақстандық ағаш отырғызу күнi

Бүкiлқазақстандық ағаш отырғызу күнi

Өткен сенбi күнi Облыс орталығында кезектi жалпы қалалық сенбiлiк өттi. Оған мемлекеттiк қызметкерлер, қоғам белсендiлерi, жастар мен шаһар тұрғындары қатысып, қала аумағынан 180 тонна қоқыс шығарылды. Сенбiлiк аясында петропавлдықтар «Бүкiлқазақстандық ағаш отырғызу күнi» акциясынан да шет қалмады. Жеңiс саябағына 20 түп шырша және 30 қайың көшетi егiлдi. Бұл науқанға облыс әкiмi Құмар Ақсақалов та қатысып, саябақ аумағында ағаш отырғызды.

Петропавлдықтар қолдарына күрек, тырнауыш, сыпырғы алып, жаппай сенбiлiкке шықты.Мәселен, Жеңiс саябағында тазарту жұмыстары қызу өттi. Мұнда жиналған жұрт аумақты тырмалап, қыстан қалған қоқысты жинады. Қураған, құлаған ағаш бұтақтарын алып тастады. Жалпы қала бойынша кезектi сенбiлiкке 12 мың адам қатысты.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ МАМАНЫ:

- Жыл басында әрiбiр адам ағаш отырғызған тиiс деп ойлаймыз. Себебi 1 тал кессең, 10 тал ек дейдi ата бабамыз. Ағаш отырғызып жатырмыз қазiргi таңда. Сонымен қатар, тазарту жұмыстарын жүргiзiп жатырмыз. Биылдыққа бiрiнш рет ағаш отырғызып жатырмын. Жылда дәстүр ретiнде отырғызатын боламыз.

Ал «Бүкiлқазақстандық ағаш отырғызу күнi» акциясы аясында қала бойынша 700 көшет егiлдi. Оның 50-i Жеңiс саябағында отырғызылды. Оған облыс әкiмi Құмар Ақсақалов та қатысып, шаһарды көгалдандыруға өз үлесiн қосты. Айта кету қажет, биыл бұл жұмыстар мамырдың соңына дейiн жалғасады.

ҚАБИДЕН СӘДУАҚАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Одан басқа бiздiң орман шаруашылық жерлерiнде жылда бiз 1 мыңнан астам гектер жерге ағаш отырғызамыз. Оның басты мақсаты- ауанының таза болуына байналысты ғой. Бiз қай жер де болсын бiз бiрнiшеден ағаш отырғызуымыз керек. Ол бiздiң келешегiмiз.

Жеңiс саябағында сенбiлiкке қатысқан жандарға тегiн ыстық шай мен тәттi тоқаштар таратылды. Бұл күнi қала аумағынан 180 тонна қоқыс шығарылды.

ӘСЕМ АЙТОЛЛА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ТҮКШ БӨЛIМIНIҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Бұл жұмыстарға 600 еңбек ұжымы қатысуда. Сондай-ақ, қоқыс шығаратын 30 техника бар. Айта кету керек, бұндай сенбiлiктер қаланың санитарлық тазарту айлығы аясында өткiзiлiп жатыр. Үш ай бойы әр бейсенбi мен сенбi күндерi осындай сенбiлiктер мен бейсенбiлiктер өтетiн болады. Сондықтан барлық қала тұрғындарын белсендi қатысуға шақырамыз.

Айта кету қажет, соңғы 5 жылдың iшiнде акция кезiнде облыс бойынша 100 мың түп ағаш егiлiптi. Ал биыл 18 мың жасыл желектi және қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарда бар.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Ақпарат көзi: petropavltv.kz

Жариялану күні: 22.04.2019