Таңдалған тілдегі беттің мазмұны жоқ

«Үздiк педагог-2019» республикалық сайыстың жеңiмпаздары

Петропавл қаласындағы ЛОРД облыстық дарынды балалар үшiн мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi
Әзiмбаева Рахат Омашқызы

Әзiмбаева Рахат ОмашқызыӘзiмбаева Рахат Омашқызы — тәжiрибелi және дарынды ұстаз, бiлiм жолында жаңартылған мазмұнды бiлiм беру жолында инновациялық технологияларды кеңiнен қолданып жүр. Ол мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша өзге ұлт өкiлдерiнiң балаларна арналған лингвистикалық лагерь ұйымдастырды.

Рахат Омашқызы — «Үздiк мемлекеттiк тiл оқытушысы», «Авторлық бағдарламалар», әдiстемелiк құралдар атты республикалық байқауларының жүлдегерi.

Рахат Омашқызы — сертификаттандырылған тренер ретiнде, жыл сайын облыс және республика мұғалiмдерiне арналған оқыту семинарларын, масстер класстар өткiзедi, онда әрiптестерiмен тәжiрибе алмасады. Сонымен қатар шет елдердегi әрiптестерiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, олардың қатысуымен оқыту семинарларын ұйымдастырады. БАҚ арқылы мемлекеттiк тiлдi насихаттау жұмысымен айналысады.

Рахат Омашқызының оқушылары жыл сайын республикалық, облыстық байқаулардың жеңiмпаздары және жүлдегерлерi атанады.

Бiлiм жүйесiне қоқан үлесi және көрсеткен жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң, Ұлттық тестiлеу орталығының, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң, Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм басқармасының Құрмет грамоталарымен, ҚР Халықтары Ассамблеясының, Ресей Федерациясы «Джей энд эс» халықаралық бiлiм агенттiгiнiң, «Нұр-Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Рахат Омашқызы — шебер де шығармашыл, жаңашыл заманауи ұстаз. Ол өз қызметiнде көптеген марапаттарға ие болды.

«Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi» КМҚК арнайы пәндердiң оқытушысы
Денис Александрович Ветошкин

Денис Александрович Ветошкин Педагогтың кәсiби деңгейi: терең кәсiби бiлiмi, педагогикалық дағдылары, оқыту және бiлiм беру технологияларын бiлуi, үздiксiз өзiн-өзi дамытуға дайындық және шығармашылық ұстанымы оқу үрдiсiнiң жоғары өнiмдiлiгiне әкеледi.

Д.А. Ветошкиннiң жеке қасиеттерi: жауапкершiлiк, ұйымдастырушылық, батыл шешiм қабылдай алу, белсендiлiк, адалдық, еңбекқорлық, студенттер мен педагогтар арасында қарым-қатынасты үйлесiмдi түрде қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Д.А. Ветошкин студенттерге терең және жан-жақты бiлiм беру үшiн аянбай еңбек етуде. «Коньки спорты және оны оқыту әдiстемесi» бойынша бiлiм сапасы — 94%, «Шаңғы спорты және оны оқыту әдiстемесi» бойынша — 90%, «Дене шынықтыру және спорт тарихы» бойынша — 88%.

Денис Александрович ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiмен бөлiседi.

Облыстық мектептерде дене тәрбиесi мұғалiмдерi үшiн бiлiктiлiктi арттыру курстарында мастер-класс өткiзедi. Әдiстемелiк басылымдарда жұмыстары бар.

Жаттықтырушы ретiнде ол спортшыларды даярлауға, оқытуға және жетiлдiруге, футболда, жеңiл атлетикада, қысқы және жазғы Президенттiк көпсайыстарда олардың функционалдық мүмкiндiктерiн дамытуға бағытталған оқу iс-шараларын өткiзедi.

Д.А. Ветошкин спорттың бiрiншi санатты судьясы болып табылады. Әрдайым шаңғы жарысы, биатлон бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда, қысқы және жазғы Президенттiк көпсайыста төрешiлiк етуге қатысады. «Сұңқар», «Жас Сұңқар», «Ақшақар» облыстық спартакиадаларда төрешiлiк етуге қатысады.

Педагогтар мен студенттер ұжымының арасында құрметке ие.

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов ауданы «№2 Новоишим орта мектебi» КММ тарих және қоғамтану негiздерi пәнiнiң мұғалiмi
Арман Рушанұлы Есмағамбетов

Арман Рушанұлы Есмағамбетов Арман Рушанұлы пәндi оқытудың заманауи әдiстемесiн меңгерген, педагогикалық тәжiрибеде оқытудың инновациялық әдiстерiн, атап айтқанда интегративтi оқыту технологиясы мен пiкiрталастарды қолданады. Өз пәнiн басқалармен бiрiктiре отырып, ол соңғы нәтижеге қол жеткiзедi. Оқушылар оның сабақтарында диалог жүргiзуге, көздермен жұмыс iстеуге, ақпаратты сыни тұрғыдан ойлауға, дәлелдi қорытынды жасауға үйренедi. Мұғалiм қазақстандық патриотизм мен азаматтылық тұрғысынан оқушылардың жеке қасиеттерiнiң қалыптасуына ықпал етедi. Бiрқатар оқушылар оның үлгiне қарай мұғалiмнiң жолын таңдады.

Арман Рушанұлы ғылыми-зерттеу қызметiмен айналысады, күндiзгi және қашықтықтан өтетiн ғылыми-тәжiрибелiк конференциялардың тұрақты қатысушысы болып табылады, халықаралық және республикалық олимпиадаларда, форумдарда, викториналар мен конкурстарда жүлделi орындарға ие болды.

Ғылыми-практикалық конференциялардың материалдар жинағында, пәндiк журналдарда және қазақстандық интернет-ресурстарда баспа басылымдары бар. Педагогикалық тәжiрибенi республика, облыс және аудан деңгейiнде көрсетедi. Аудандық және облыстық семинарларға қатысушы және ұйымдастырушы. Өз мектебiндегi әрiптестерiмен қысқа мерзiмдi курстар, тренингтер және менторинг форматында жинақталған тәжiрибемен бөлiседi.

«Метапәндiқ интеграциясы көпмәдениеттi тұлғаны қалыптастыру құралы ретiнде» оқу-әдiстемелiк құралының (2018 ж.) және «Мектеп тәжiрибесiндегi дебаттық технологиялар» оқу-әдiстемелiк кешенiнiң (8 сыныпқа арналған қосымшаларымен үйiрменiң/факультативтiң авторлық бағдарламасы) (2019 ж.) бiрлескен авторы.

«Бiлiм берудi дамытуға қосқан үлесi үшiн» қоғамдық медалiмен марапатталған.

Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы «Тоқшын мектеп-гимназиясы» КММ физика, информатика мұғалiмi
Раушан Серегқызы Исмаилова

Раушан Серегқызы ИсмаиловаИсмаилова Раушан Серегқызы Тоқшын мектеп-гимназиясында 2008 жылдан бастап қызмет етедi. Қызмет жылдарының барысында бiлiктi, белсендi, талап қоюшы мұғалiм екенiн дәлелдедi. Өз жұмысында мектеп Жарғысымен және басқа нормативтi және құқықты актiлерiмен жетекшiлiк етедi. 2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының орта бiлiм мазмұнын жаңарту шеңберiнде бiлiктiлiгiн арттыру курсын және ЖМО пәндерi бойынша тiлдiк курстардан өттi. Қазiргi уақытта физикадан оқыту үдерiсiне үш тiлдi оқытуды белсендi енгiзуде. Оқушылардың физика пәнi бойынша бiлiм сапасы 61%. Пән бойынша бiлiм сапасының өсу динамикасы өткен оқу жылымен салыстырғанда 16,5% құрайды. 2018 жылы физика бойынша ҰБТ-ның орташа балы — 26,5, бұл максималды 66% құрайды.

Педагог жинақталған тәжiрибемен әр түрлi деңгейлерде белсендi бөлiседi, өз тәжiрибесiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратады және Республикалық ғылыми-әдiстемелiк журналында, «21 ғасыр мұғалiмi», «PEDSOVET.KZ» сайттарнда басылымдары бар.

Мұғалiм жаңартылған бiлiм мазмұнының принциптерiн басшылыққа ала отырып, «Мәтiндi түсiндiру: оқу сауаттылығының негiзi ретiнде» атты орыс тiлi мен физика пәндерiнен кiрiктiрiлген факультативтiк курсын ашты. 2018 жылы Әдiстемелiк ресурстар құрастырылған.

Р.С. Исмаилова түрлi кәсiби байқуларға қатысады және жүлделi орындарға ие болды.

Раушан Серегқызы өз iсiнiң маманы, оқушыларын бiлiмнiң жаңа шыңдарына жетелейдi.