Қазақстанда жылы талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ): не, қайда және қашан

Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары оқу орнына (ЖОО) немесе техникалық мекемеге ҰБТ нәтижелері немесе талапкерлерге арналған кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде түсуге болады. Колледж студенттері колледждерде алынған білімдер базасында тестілеуден өтеді.

Жалпы, кешенді тестілеу мыналар үшін жүргізіледі:

  • өткен жылдардағы жалпы орта білім ұйымдарының түлектері;

  • техникалық және кәсіби білім ұйымдарының түлектері;

  • шетел оқушыларымен халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған жалпы білім беретін мектептердің түлектері;

  • республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері;

  • шетелде оқу орнын аяқтаған адамдар.

Кешенді тестілеуден өту нәтижелері бойынша талапкерлер егер ҰБТ нәтижелері бойынша түсе алмаса ЖОО түсе алады, сондай-ақ 9 сыныптық оқуды аяқтағаннан кейін колледждердегі білімін жалғастыра алады. Ағымдағы жылы ҰБТ нәтижелері бойынша ЖОО өтпеген балалар үшін кешенді тестілеу тек келесі жылы ғана мүмкін.

Кешенді тестілеу жүргізуге дайындық

Кешенді тестілеу ЖОО базасында жүргізіледі, онда арнайы мемлекеттік комиссиялар құрылады. Олар барлық ұйымдастырушылық-ақпараттық жұмысты жүргізеді. 

Кешенді тестілеудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіледі. 

Тестілеу жүргізілетін ғимараттарда емтихан күндері барлық дәрісханалар, кабинеттер және тестілеуге пайдаланылмайтын басқа бөлмелер, сондай-ақ талапкерлердің кіру және шығуына арналғаннан басқа кіреберіс есіктер жабылып, мөрленеді.

Кешенді тестілеу 60, олардың 20-сы жалпы салалық пән бойынша (тапсырмалар базалық пән бойынша академиялық білімді анықтауға бағытталған) және 40 салалық бойынша сұрақтан тұратын болады (тереңдетілген академиялық білімді, сондай-ақ тәжірибелік шеберліктер және дағдыларды тексеруге тапсырмалар)
Тестілеуді өткізу уақыты — 100 минут.
Өту балы — 35. Жиналған балдардың ең жоғарғы саны — 70.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды қабылдау комиссиясы 20 маусымнан 9 шілдеге дейін жүргізеді. 

Кешенді тестілеу 17 — 23 шілде аралығында жүргізіледі.

Талапкер құжатты жеке тапсырады. Бөгде адамдардан құжаттар қабылданбайды.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттар пакетін береді:

  1. белгіленген үлгідегі бланктегі өтініш
  2. жалпы орта білімді аяқтау туралы аттестат  немесе техникалық және кәсіби білімді аяқтау туралы диплом (түпнұсқа);
  3. тестілеуді жүргізу үшін төлем туралы түбіртек («Қазпочта» немесе ҚР «Халық банкі» АҚ арқылы);
  4. 3x4 өлшемді 2 фотосурет; 
  5. 086-У формалы медициналық анықтама; 
  6. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Кешенді тестілеуді жүргізу тәртібі

Талапкерлер дәрісханаға бір-бірден кіргізіледі. Кезекші жеке басты куәландыратын құжат, рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі негізінде талапкер тұлғасын сәйкестендіреді.  Талапкер отырғызу парағындағы тиісті нөмір бойынша қатаң орын алады және отырғаннан кейін отырғызу парағына қол қояды, осы арқылы өз орнына отырғанын растайды. Талапкерлерді кіргізу емтихан басталуы жарияланғаннан бастап аяқталады.

Талапкер кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, алынған жарақат, отбасы жағдайы бойынша, өтініш беру кезінде тестілеуді тапсыру тілі қате көрсетілген) емтихан күнін немесе дәрісхананың тілдік мәртебесін өзгерту туралы өтініш береді. Өтініш мемлекеттік комиссияның төрағасының атына беріледі. Өтінішке растау құжаттары қоса беріледі. Қосымша отырғызу туралы шешім мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. 

Мәселенің оң шешімінде өкіл дәрісхана нөмірін анықтайды, оған осы талапкер тапсыру тіліне сай қатаң түрде қосымша отырғызылатын болады. Комиссияның өкілі талапкердің рұқсаттамасына тиісті өзгертулерді енгізеді, дәрісхана бойынша кезекшіні қосымша отырғызу туралы хабардар етеді. Бірінші кезекте қосымша отырғызуда емтиханға келмеген талапкердің емтихан материалдары пайдаланылады, егер бұндайлар болмаса онда қосымша емтихан материалдарынан беріледі.

Кешенді тестілеуді жүргізу кезіндегі тәртіп ережелері

Тестілеу кезінде қатаң тәртіпті сақтау керектігін атап өткен жөн.

Кешенді тестілеу жүргізуде мыналарға рұқсат етілмейді:

  • бір орыннан бір орынға отыруға;

  • емтихан материалдарымен алмасуға;

  • көшіруге;

  • дәрісханаға кіргізуге және оқулықтарды, басқа әдістемелік әдебиетті, ұялы мобилді байланысты пайдалануға.

Ережелер бұзылған жағдайда уәкілетті органның өкілі тыйым салынған заттарды анықтау және үміткерді жою актісін құрастырады және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

Кешенді тестілеуге берілген уақытта өңдеу үшін емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның өкілі акт құрастырады. Бұнда талапкердің емтихан материалының нәтижелері өңделмейді.

Ақпарат көзі: https://egov.kz/cms/ru/articles/professional_education/about_kta