Оқы орындарының жаңалықтары :: ата-аналар форумі
Крещенка орта мектебінде мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша ата-аналарға арналған форум өтті.
Әлеуметтік педагог Ботагөз Нағашбайқызы Куспанова және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Татьяна Александровна Столярова ата-аналарға білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
✅ «Бірінші сыныпқа қабылдау»
✅ «Жазғы лагерьде демалу»
✅ «Құжаттардың телнұсқасын беру»
Ата-аналар пайдалы ақпарат, практикалық ұсыныстар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай іс-шараларды өткізу ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін түсінікті әрі қолжетімді етеді.
 
 
 
 
 
Жариялану күні: 29.04.2026