Өңір жаңалықтары :: ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ЖЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГIЗIЛМЕК

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ЖЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГIЗIЛМЕК

Бүгiн депутаттар шетел валютасында ипотека алғандардың қамын күйттейтiн заң жобасын бекiттi. Құжат доллар шарықтағандықтан ай сайынғы төлемi артқан азаматтарға қол ұшын созуға арналған. Оған кiмдер iлiгедi? Мәжiлiс тағы қандай заң жобаларын бекiттi? Тiлшiмiз айтсын.

Мәжiлiстiң күн тәртiбi әдеттегiдей маңызды заң жобаларына толы. Депутаттар алдымен ерекше қорғалатын табиғи жерлерге қатысты заң жобасын мақұлдады. Құжаттың жаңалығы сол пайдаланылмай жатқан жердi мемлекетке қайтару iсi жеделдейдi, жеңiлдейдi. Әрi Iле Алатау, Бурабай Ұлттық паркi мен Көк Жайлау ерекше қорғалатын аумақтың құрамына қайта енгiзiледi.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРI:

— Көк Жайлауға қатысты айтсақ, Тау шаңғы кешенiн салу үшiн жер берiлген едi. Алайда мемлекет басшысы бұл жобадан бас тарту туралы шешiм шығарғанын бiлесiздер. Қазiр қала әкiмдiгi бұл жердi қайтарып беруге дайын. Осыған байланысты аталған заң жобасы жердi жеңiлдетiлген тәртiпте қайтаруды қарастырады. Артық шығын болмайды.

Шалғай ауылдарды интернетпен қамтуға қатысты заң жобасы да бiрiншi оқылымда қабылданды. Маңызды құжатқа сай, 2 жыл iшiнде 2 мың ауылға жоғары жылдамды интернет жеткiзiлуi тиiс. Сөйтiп, Қазақстан аумағын ғаламтормен қамту көрсеткiшi 97 процентке жетпек.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТI МӘЖIЛIСIНIҢ СПИКЕРI:

Аудиторлардың қызметiн жетiлдiруге қатысты заң жобасы да қызу талқыға түстi. Қазiр бұл қызмет ақсап тұр. Тiптi аудиторлық тексерудiң әдiл жүруiне қатысты халықаралық рейтингте елiмiз 50 орынға төмендеген. Көрсеткiштi арттыру үшiн мемклекеттiк аудиторлардан гөрi, тәуелсiз тексерушiлердi көбейту керек дейдi мәжiлiстегiлер.

ОМАРХАН ӨКСIКБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТI МӘЖIЛIСIНIҢ ДЕПУТАТЫ:

— Ал егер бiз басқа кәсiби аудиторларын осы комитетке кiргiзетiн болсақ, олар қарға-қарғаның көзiн шұқымайды деген қазақта сөз бар ғой, сол сияқты бiр-бiрiнiң жұмысына әдiл баға бермейдi. Сондықтан бұл еш жерде жұмыс iстемейтiн тәуелсiз эксперт болғаны жөн деп санадық.

Депутаттар 2016 жылға дейiн шетел валютасында ипотека алғандардың қамын күйттейтiн заң жобасын да бекiттi. Теңге девальвацияға ұшырап, доллар шарықтағанда халыққа ауыртпалық түскен. Осындай 13 мың адамның қазiр 7 мыңының ғана несиесi қайта конвертацияланып, жаңа курспен бекiтiлген. Қағандарына қол ұшын созуға банктер асығар емес. Ендi жаңа құжат бұл iстi бiр жақты қылуы тиiс.

СЕРГЕЙ СИМОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТI МӘЖIЛIСIНIҢ ДЕПУТАТЫ:

— Заң жобасына енгiзiлген толықтыруларға сай, банктер 2016 жылдың 1 қаңтарына дейiн шетел валютасымен ипотека алғандардың несиесiн өздерi автоматты түрде конвертациялауы керек. Ал қазiр қолданыстағы заң бойынша ол үшiн, иоптека алған адамның өзi барып, өтiнiш жазуы тиiс. Шаруаны қиындататын мұндай қағазбастылықтың қажетi жоқ деп есептеймiз.

Осы заң жобасында фрилансерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарнасын екi есе азайту көзделген. Айта кетерлiгi мақұлданған заң жобаларының басым бөлiгiне депутаттардың өздерi бастамашы болған. Көбi бiрiншi оқылымда бектiлгендiктен құжаттарға тағы толықтырулар мен түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.

Ақпарат көзi: petropavltv.kz

Жариялану күні: 03.06.2020