Бұл жайынлда әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
«Келесi жылы өңiрде солтүстiкқазақстандық кiрпiш үй құрылысында қолданылатын болады. Жергiлiктi инвестор Подгорное ауылында жаңа кiрпiш зауытын салуда. Жоба құны — 1,5 млрд.тг. Қондырғылар жеткiзiлдi. Жаңа зауытта 60 солтүстiкқазақстандық жұмысқа орналаспақ», — деп жазды өңiр басшысы.
Облыста 2021 жылы тұрғын үй құрылысына 67 миллион дана кiрпiш қажет болады. Салынып жатқан кiрпiш зауытының жылдық қуаты — 27 миллион дана. Бiздiң зауыт өңiрдегi кiрпiшке деген сұраныстың 40% жабады.
«Қазiр құрылысшылар кiрпiштi басқа аймақтардан сатып алуға және жеткiзуге мәжбүр. Бiздiң кiрпiш құрылыс компанияларына арзанға түспек. Бұл жаңа баспананың бағасына оң әсерiн тигiзедi. Бiздiң өңiр коммерциялық үй салу үшiн инвесторларға тартымды болады», — деп қорытындылады облыс әкiмi.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko