Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!
14 наурыз күні Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған 10 күндіктің «Көрісу күні» мерекесіне онлайн түрде үлестірмелі құттықтау қағаздар таратылды.
15 наурыз күні «Жайлау» күніне орай 5 сынып оқушылары табиғатқа байланысты онлайн түрде презентация жасап, онлайн жарыс ұйымдастырды. Қажығали Сымбат жаз мезгілінен бастап, табиғатқа деген өз көзқарасын, зерттеген жұмыстарынан үзінді жасап 1 орын алды.
16 наурыз күні «Шежіре» күні қарсаңында 9 сынып оқушыларымен Какжанова Ж.А сынып сағатын ұйымдастырып, балалардың 7 аталарын сұрап, сұрақ жауап ретінде өткізді. Мақсаты. Балалардың ой өрістерін дамытып, ата – бабаларының тарихына көз жүгірту, ой жүгірту болды
17 наурыз күні «Тарихқа тағзым күні» бұл күні 5-9 сынып оқушыларын мектеп мұражайына апарып көрме ұйымдастырды. Мақсаты: көне, ескіріп бара жатқан заттар мен қазіргі заттар арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты зерттеу болды. Балалар өте зерек, көне заттардың қалай аталуы мен қолданылуын айтып берді. Білмеген жерлерін Какжанова Ж.А мен кітапханашы Смаилова Ш.А түсіндіріп өтті.
18 наурыз күні «Игі істер күні» бұл күні «Айгөлек» шағын орталығының балаларынмен тәрбиешілер іс шаралар ұйымдастырды. Балаларға ескіріп бара жатқан салт дәстүрден көрініс қойып, жаңғыртты. Мақсаты. Балаларды қазақшылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды. Қазақтың ұлттық салт дәстүрімен таныстыру болды.
19 наурыз күні «Шымырлық пен шеберлік» күні дене шынықтыру мұғалімі Карабаев С.Ж жоғарғы сынып оқушылары мен ауыл жастарының арасында мектеп алаңында , таза ауада барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, «Аударыспақ» ойынын ұйымдастырды. Мақсаты. Балаларды шымыр болуға, денелерін шынықтыруға және ұлттық ойындарды жаңғыртуға ат салысу болды.
20 наурыз күні «Зияткерлік күні» мектеп кітапханашысы Смаилова Ш.А балалармен кітапханада көрме ұйымдыстырды. Қазақтың салт дәстүрлері жазылған, ұлттық киімдері жайлы жазылған кітаптармен таныстырып, ойларымен бөлісті. Балаларға сұрақтар қойып, жауап алды. Мақсаты. Бабаларды кітап оқуға, кітаптың әдеби тілін меңгеріп, әдеби сөйлеуге баулу болды.
21 наурыз күні «Ұлттық тағамдар» күні болды. Наурыз мерекесі қарсаңында дәлізді безендірген күні дәлізге қазақтың ұлттық дастарханы жайылды. Дастарханға ұлттық тағамдардан қойылды. Құрт,айран, қымыз, бауырсақ пісіріліп, ірімшік қойылды. Мақсаты. Ұлттық тағамдарды өте керемет екенін, адамға пайдасы зор екенін, ешқандай зияны жоқ екенін балаларға түсіндіру болды.
22 наурыз күні «Ұлыстың ұлы» күні мектеп дәлізінде әр бір сынып жеке жеке наурызға арналған іс шараларын өткізді. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра балалар өз өнерлерімен тәнті етті. Мақсаты. Балаларды шығармашылыққа , тапқырлыққа, шеберлікке, өнерге баулу. Наурыз мейрамында адамдардың барлығы қуанышты, разы болып, бақытты болып жүру керек екені туралы айтылды. Бұл күні өкпе реніштің бәрін ұмытып, жаңаратын күн екені туралы түсінік бері болды.
23 наурыз күні «Наурыз келді» бұл күні бастауыш сынып оқушылары сыныпта наурызға арналған мерекелік іс шара ұйымдыстырды. Смаилова Л.К ұйымдастыруымен балалардың өнерлерін ортаға паш етті. Балалар наурызға сай ұлттық киімдерімен, ұлттық әндерімен, ұлттық қазақша билерімен тәнті етті. Мақсаты. Балаларды өнерлі болуға, жан жақты болуға тәрбиелеу болды.
ТЖО: Карабаев С.Ж