Оқы орындарының жаңалықтары :: Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай мектебімізде «Менің отбасымның тарихы әскери фотосуреттер мен хаттарда» тақырыбында 6 ”Ә” сынып оқушылары тағылымды видеоролик жасады. Видеороликте соғыс жылдарынан сақталған отбасылық фотосуреттер, майдан хаттары мен ата-бабаларымыздың ерлікке толы өмір жолы көрсетілді.Оқушылар өз отбасы тарихымен бөлісіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне тағзым етті. Осындай жұмыстар арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, елге деген сүйіспеншілік пен тарихқа құрмет қалыптасады. Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Жариялану күні: 08.05.2026