

Бүгін 23 наурыз - Жоралғы күні. Бұл қазақ халқының бай дәстүрі айшықталатын күн. Ежелден келе жатқан халқымызда салт-жоралғылары біршама жетерлік. Бүгінгі қазақ қоғамына достық пен мейірбандықты, адамгершілік деген ұлы қасиетті дәріптейтін дәстүрлер ауадай қажет.
Біз білетін дәстүрден басқа, қазіргі тұрмыста қолдана бермейтін жөн-жоралғылар үлкендердің үйретуімен жаңара берсе, біздің ұрпағымыз естен шығармайды.
Қолда барда алтынның қадіріне жетіп, баға жетпес мол қазынамызды дәріптейтін кез келді. Дәл осы күні адамдар ет жақындарына сыйлықтар тарту еткені жөн. Ұлық мерекеде сый-сияпатқа кенелген адам ұзақ уақыт алған сыйлығын естен шығармасы анық. Қазақ өзгенің көңілін табу арқылы өзіне бақыт сыйлайтын халық. Расымен де, айналаңызға қуаныш сыйлап, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа жылды қарсы алу түсінген адамға баға жетпес бақыт.
Наурыз келді! Жыл келді!
Жылмен бірге жыр келді
Жер бусанып, құс келіп,
Жеріме әсем нұр берді.
Наурызбен күттықтап
Алыс жақен қаутышты
Көктемдегі жарқын сәт
Көңелдерге ауысты.
Той пердесін ашайық.
Тойға шашу шашайық.
Наурыз бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелгі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір- біріне деген өкпе – реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.