Оқы орындарының жаңалықтары :: Мектеп – сенім аумағы
🌿 ДУЙСЕНБІ — Мейірімділік пен қабылдау күні
Психологиялық әл-ауқат апталығы аясында
«Мектеп – сенім аумағы»
Бүгін мектебімізде Психологиялық әл-ауқат апталығының ашылуы өтті. Бұл күн мейірімділікке, қолдауға және бір-бірімізді сол қалпында қабылдауға арналды. 🤝
Білім алушылар үшін қызықты әрі пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылды:
💬 «Күн комплименті» акциясы — әр оқушы сыныптасына немесе мұғалімге жылы сөз сыйлай алды;
🧩 5–6 сынып оқушыларына арналған «Қолдау жанында» шағын тренингі;
📰 «Жақсы жаңалықтар аумағы» стендін безендіру, онда оқушылар жағымды оқиғаларымен бөлісті;
🎶 Үзіліс кезінде тыныш әуендер қойылып, жайлы психологиялық ахуал қалыптастырылды.
Біз мейірімділік қарапайым сөздер мен әрекеттерден басталатынына сенеміз.
Әр күніміз сыйластыққа, қолдауға және жақсы көңіл күйге толы болсын! 🌞
 
  
  
  
 
 
 
 
 
Жариялану күні: 07.04.2026