Білім жаңалықтары :: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТI

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТI

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлi республикалық ата-аналар жиналысы өттi. Жиынға өңiрдiң ата-аналары да қатысып көкейлерiнде жүрген сұрақтарға жауап алу мүмкiндiгiне ие болды. Сондай-ақ биылғы оқу жылының ерекшелiктерiмен танысты. Тiлшiмiз тарқатып айтсын.

Жаңа оқу жылының бiрiншi тоқсаны негiзiнен қашықтан оқытылады. Аз да болсын тәжiрибе бар, ал 1-4 сынып оқушыларына мектепте бiлiм алуға мүмкiндiк берлдi. Ол үшiн ата-аналар 14-25 тамыз аралығында электронды түрде өтiнiмдерiн бере алады.

ӘМИНА БАЙБУРИНА, №2 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

«Бiздiң мектеп кезекшi кластардың жұмысы үшiн барлық жағдайды ұйымдастырды. Оқушылар үшiн санитайзерлер, тепловизорлар және арнайы кiлемшелер мен маскалар сатып алынды. Бүгiн жиналыста ата-аналар мектептiң қандай платформамен оқытатыны туралы ақпарат алады. Бiздiң мектеп негiзiнен зум, билимлэнд және классрум арқылы оқушылармен байланысқа шығады.»

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары ерекше назарда. Оларға қашықтықтан бiлiм алу үшiн мектеп басшылығы барынша жәрдемдесу керек. Мысалы қалалық екiншi орта мектеп жаңа 9 компьютер мен 8 ноутбук сатып алған. Ал 17 оқушының үйiне интернетке шығуға мүмкiндiк беретiн роутерлер мен модемдер орнатылды. Сонымен қатар, 42 балаға облыстық бюджеттен планшет пен компьютер бөлу жоспарда бар.

ӘСЕЛ ЕРЕЖЕПОВА, СЫНЫП ЖЕТЕКШ:

«Бүгiнгi республикалық ата-аналар жиналысы жаңа оқу жылына арналған. Осы жиналыс арқылы бiз ата-аналарға барлық мағлұматты толық жеткiзуге тырысамыз. Осы оқу жылының ерекшелiгi формативтiк бағалау болып табылады.»

Жалпы формативтiк бағалау осыған дейiн, өткен жылыдң 4шi тоқсанында да болды. Ол оқушымен керi байланыс орната отырып, қатемен жұмыс iстеу. Формативтiк бағалауда оқушыға баға қойылмайды.

Дана Калиева

Ақпарат көзi: petropavltv.kz

Жариялану күні: 20.08.2020