Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Ағымдағы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2023 жылдың 30 қыркүйегінде.
Баланы мектепке дайындау, қажеттінің бәрін сатып алу — өте қымбат шығын. Әсіресе, бірден бірнеше бала тәрбиеленетін отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қиын. Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта және көмек көрсете аламыз.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге ниет білдіргендер тікелей білім бөліміне немесе 87153421654 телефоны бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына хабарласа алады.