Оқы орындарының жаңалықтары :: 2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылда

070420262

Құрметті ата-аналар!

 

2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау бүкіл ел бойынша 27 мамырда басталып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа қабылдау                           29 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. Баланың құжаттарын egov.kz, электрондық үкіметтің веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады. 

Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және осы жылы алты жасқа толатын балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Өтініш беру үшін ата-ана (немесе заңды өкіл) барлық қажетті құжаттарды тіркеуі тиіс:

  • Медициналық анықтамалар: «Иммундау паспорты» № 065-у нысаны және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысаны.
  • 3х4 см фотосурет

Электрондық үкімет веб-порталындағы өтінімдер egov.kz тәулік бойы қабылданады. Қызмет берушінің кеңсесі арқылы өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.

 

Сұрақтартуындағанжағдайдакелесітелефоннөмірі бойынша call-орталықтарға хабарласа аласыз:

                                               8 (715 34) 51822

Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары:      

                                               8 777 763 86 01

Сынып жетекшісі:                 8 778 477 68 52

 

Жариялану күні: 07.04.2026