Жазғы демалыстың 3-ші күні "Отбасым - алтын бесігім" атты тақырыпта өтті.Осы тақырыпқа байланысты презентация қарап, әр оқушы өз отбасы туралы қызықты әңгімелер айтты.Психолог тренинг өткізіп, балалар отбасы туралы жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер құрастырды. Бояумен отбасы ағашын салып әр бала өз отбасына деген тілектерін жазып жапсырды. Ұлттық ойын "Бес тас" және асық ату ойындары ойналды.




