Солтүстiк Қазақстан облысының аудан орталықтарында биыл алты спорттық-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталады. Жаңа жыл қарсаңында Тайынша қаласында заманауи спорттық-сауықтыру кешенi ашылды. Спорт кешенiн СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тексердi.
Жаңа спорт кешенi бокс, күрес, ауыр атлетика, футбол, баскетбол және волейболға арналған залдармен жабдықталған. Көрермендер трибунасы 160 адамға арналған. Салынған спорттық-сауықтыру кешендерi жарыстардың орталығына айналады. Бұл жас спортшыларды дайындауға мүмкiндiк бередi.
«Биыл бiз 6 спорттық-сауықтыру кешенi мен 5 жабық хоккей кортының құрылысын бастадық. Келесi жылы тағы 7 корт саламыз. Бiз сондай-ақ ауылдық клубтарды ауыл тұрғындары спортпен шұғылдана алатын мәдени-сауықтыру орталықтарына айналдырып жатырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Жалпы, биыл облыста спортты қаржыландыру 5,1 млрд теңгеден 6,1 млрд теңгеге дейiн немесе 18% өстi. Тек 3 жыл iшiнде облыста 3 футбол алаңы, 77 шағын футбол алаңы, волейбол мен баскетболға арналған 25 спорт алаңы, 64 ашық жаттығу кешенi салынды.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko