Оқы орындарының жаңалықтары :: Менің арманым — менің болашағым
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары аясында 7-сынып оқушыларымен педагог-психолог «Менің арманым — менің болашағым» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — өмірге деген позитивті көзқарасты қалыптастыру, болашаққа деген сенімді арттыру, өзінің құндылығын сезіну және мақсатқа жетуге деген ынтасын нығайту.
Сабақ барысында оқушылар өз армандары мен тілектері туралы ой бөлісіп, болашақтарын елестетті, өмірлік мақсаттарын айқындады. Сонымен қатар қиындықтарды жеңуге, өзіне деген сенімді сақтауға және күрделі жағдайларда қолдау табуға көмектесетін факторларды талқылады.


Жариялану күні: 27.11.2026



