Оқы орындарының жаңалықтары :: Қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің ашылуы
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің ашылуы
Бүгін ағымдағы жылдың 4-ақпанда мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл онкүндік – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға, тіл мен әдебиетке, құқық пен қоғамтануға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды білім алаңы.
Онкүндік аясында түрлі ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, пікірсайыстар, шығармашылық байқаулар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Әрбір іс-шара оқушылардың сыни ойлауын дамытып, өз көзқарасын еркін жеткізуіне, қоғамдағы өз орнын тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.
 
Жариялану күні: 02.02.2026