2021 жылы 05-19 сәуір аралығында өткен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқаны туралы қорытынды ақпарат
Май орта мектебі бойынша 2021 жылдың 05-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің бастамасымен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқаны жүргізілді.
Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, ата-аналар мен мұғалімдердің назарына агрессивті Интернет мазмұнының мәселесіне хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету, интернет-ресурстарды пайдаланудың мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандарға қатысты Интернет белсенділігін бақылаудағы Интернет қызметін ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Науқан тұжырымдамасына сай мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспар келесі іс-шаралар топтамасын қамтыды:
5 сәуір күні «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқанының ашылуына орай мектепшілік жиын өткізіліп, оқушылар іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Науқан 2019 жылы 05-19 сәуір аралығында өткізілуі жоспарланған.
«Қауіпсіз интернет» науқаны аясында мектеп фойесінде стенд әзірленді, ол жерде ата-аналар мен оқушыларға арналған интернет желісін пайдалану ережелері бойынша жадынамалар, республикалық «Қауіпсіз интернет» науқан барысында жоспарланған іс-шаралар, және т.б. материалдар қамтылған.5 сәуір күні мектеп қабырғасында жалпы мектепішілік қашықтықтан ата-аналар жиналысы «Интернеттің алдын алу оқушылардың тәуелділігі» тақырыбында болып өтті. Жиналыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
- Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР денсаулық туралы кодексі.
- Қауіпсіз интернет
- «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет»
Жиналыс соңында ата аналар чатына «Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі туралы жадынама!» таратылды.
Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі туралы жадынама!
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!
Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTube каналына назар аударыңыздар.
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.
Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
Іс шара жоспарына сай 5 сәуір күні «Интернет орнына кітап» біркүндік акциясы өткізілді. Акция шеңберінде мектеп кітапхынашысы Баяганова К.Е.Қауіпсіз интернет еліне саяхат» атты оқушыларды кітап оқуға, керекті мағлұматты кітап, журналдардан да табуға болатындығын дәріптеу мақсатында кітап көрмесін ұймдастырған болатын.
Сәуір айының 6 күні «Қауіпсіз интернет» Республикалық науқаны барысында бастауыш сыныптар арасында «Қауіпсіз Интернет» «Интернет дегеніміз не?», ал 5-11 сыныптар арасында «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Бастауыш сыныптар арасындағы сынып сағаттарының мақсаты: оқушыларға интернет туралы ақпарат беру арқылы интернет желісіндегі қауіптермен таныстыру және ол қауіптерден қалай сақтану керектігі жөнінде көмек көрсету. Оқушыларды интернет желісінде дұрыс, оң ақпараттты таңдауды үйрету, бейтаныс адамдармен хат алмасу кезінде қауіпті тани білу, сонымен қатар әлеуметтік желіде өзі туралы қандай ақпаратты енгізуге болатындығын анықтауды үйрету.
5-8 сыныптардың сынып сағаттарының мақсаты: Интернет пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстыру. Интернет желісі туралы түсініктерін кеңейту. Коммуникативті сауттылықтың негіздерін, өздерінің мінез-құлықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың Интернет желісіндегі қауіпсіз интернет туралы қағидалары деген түсініктерін қалыптастыру. Интернет ресурстарына жүгінгенде оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпараттық ресурстарға аса зор ниетпен қарауға тәрбиелеу.
9-10 сыныптардағы сынып сағаттарының мақсаты: интернет желісіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу, жаһандық желіде қауіпсіздік және құқықтық қорғауды жоғарылату.
Сәуір айының 8 күні 5-11 сыныптар оқушылары «Қаупсіз интернет» республикалық ақпараттық науқаны аясында «Интернет-менің өмірімде» атты шығарма жазды. Негізгі мақсаты: Оқушылардың интернет жайында түсінігін анықтай отырып, тіл байлығын, ой ұшқырлығын дамыту. Оқушылар жазған шығармаларында интернеттің оларға қаншалықты пайдалы екенін айта отырып, зиянды жақтарын да ашық жазуға тырысқан. Тіпті, интернет адамға қанша пайдалы болғанымен, оған деген кейбір адамдардың тәуелді болып қалатынын да айтқан. Алайда, интернетті адам баласы ойлап тапқандықтан, одан өзін шектей білу керектігін жазған. Және де көп оқушы өздерінің жиі пайдаланатын сайттары мен әлеуметтік желілердің атын да жазып көрсеткен.
Осы күні мектеп психологы Баяганов М.К. оқушылармен «Интернетке тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушыларға интернет желісінің зиян тұстары, келтіретін зардаптары туралы әңгімелесу. Пайда болатын психологиялық ауытқушылықтардың оқушы өміріне әсері жайында пікір алмасу. Кездесуге 5-8 сынып оқушылары қатысты. Кездесудің барысында психолог жалпы мәлімет берді. Интернет тәуелділіктің анықтамасы, интернет тәуелділігінің диагнозы, оның типтері, интернетке деген құмарлықтың факторлары жайлы мағлұмат берілді. Интернет адам санасын қандай жолдармен улайтынын, оның отбасымен қарым-қатынастағы қиындықтар сипаттамасы түсіндірілді. Кездесудің 2 бөлігі оқушылардың пікірін тыңдауға арналды. Оқушылар өз өмірлерін мысалға ала отырып, интернеттің пайдасыз жақтарын ашық айта алды. Онымен күресу жолында бірнеше ұсыныстар білдірген оқушылар да болды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.
9 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық науқаның аясында информатика пәні мұғалімдері Бимурзина Б.С. пен Лукманов Д.Ж. бірлескен түрді «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен дебат пікірталас өткізілді. Негізгі мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
10 cәуір күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кусаинов Д.А.«Қауіпсіз интернет» науқаны төңірегінде 8-11 сынып оқушылармен «Желідегі қарым қатынас этикасы» тақырыбында тәрбиелік шара өткізді. Шараның мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Тәрбиелік шарада оқушылар ғаламтордың тиімді және жағымсыз жақтарын айтып, өз ойларын ортаға салды. Әлеуметтік желілердің зияны туралы, денсаулыққа тигізер әсерін де айтып тоқталды. Сонымен қатар, өздері «Сен есіңе сақта» ойыны түрінде ғаламтор мен компьютерді пайлану ережесін талқылады.
11 сәуір күні «Үй жағдайында интернет ресурстарын пайдалану мәселелері» бойынша ата аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Әңгіме оқушылардың мектепте және үй жағдайында интернеттегі қауіпсіздігі мәселесі бойынша өрбіді. Балалары қандай сайттарға кіріп, қанша уақыт мөлшерінде отыратыны және де интернетке кіру рұқсаттарын шектеу үшін қандай шара қолданғаны туралы талқыланды. Ата-аналарға оқушылардың қадағалаусыз әр түрлі сайттарға кіруі қандай зардапқа ұшырататыны туралы айтылды. Мегалайн қызметі арқылы интернетке кіру рұқсатын шектеу ұсыныстары берілді.
Сондай-ақ, оқушылардың үлгерімін көрсететін, смартфон ұялы телефондары бар ата-аналар қолжетімді «Edu-mark» қосымшасы туралы хабардар болды. Қосымшаны орнату ережесімен танысты. Бұл жайында жатақхана корпусында ата-аналар стендінде хабарландыру орнатылған болатынды. Жиынның жалпы бөлімінен кейін ата-аналар үш топқа бөлінді: бастауыш буын, орта буын, жоғары буын ата-аналары.
Сәуір айының 11 күні Республикалық «Қауіпсіз интернет» ақпараттық науқанының аясында «Мен интернет желісінде мейірімділікті іздеймін» атты іс-шара өткізілді. Іс-шаранын мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Іс-шара барысында оқушылар қауіпсіз интернет тақырыбына байланысты видеороликтерді көріп, тамашалады. Топ-топпен интернеттің пайдасы мен зияны туралы ой қозғады. Іс-шара соңында оқушыларға интернеті пайдалану ережесімен буклеттер таратылды.
Осы шаралар нәтижесінде балалардың, ата-аналар мен мұғалімдердің интернет сауаттылығы өсті деген ойдамыз, тәрбие үрдісі қатысушыларының интернет қауіпсіздігінің параметрлері мен қағидаттары туралы хабардар болды, интернет желісіндегі сұхбаттасушыға қатысты жауапкершілік пен құрметтеу сезімі қалыптасты деп ойлаймыз. Бұл мәселенің қазіргі заманда өзекті мәселеге айналғаны баршамызға аян. Оқушылар интернет тәуелділіктің деген дерттің өз өмірлеріне сөзсіз әсер ететініне көздері жетіп, саналарына пайдалы ой түйді деген ойдамыз.
Мектеп директоры Р.Т.Даукенов
[shortCode]{"type":"gallery", "id":"260", "style":"2"}[/shortCode]