Оқы орындарының жаңалықтары :: Кәсіптік бағдар беру жұмысы
2026 жылғы 25 қараша
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясына оқуға түсу және білім алу мүмкіндіктері туралы оқушыларға ақпарат беру мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар академиядағы оқу ерекшеліктерімен, оқуға түсу шарттарымен, үміткерлерге қойылатын талаптармен, сондай-ақ болашақта әскери қызметті жалғастыру мүмкіндіктерімен танысты.
Әсіресе жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, азаматтық борыш сезімін қалыптастыруға, жауапкершілікке және Отанға қызмет етуге дайын болуға ерекше назар аударылды.
Жариялану күні: 26.11.2026