Білім жаңалықтары :: СҚО: Hand animation сандық бiлiм беру ресурстарын жасауға арналған үздiк бағдарлама

СҚО: Hand animation сандық бiлiм беру ресурстарын жасауға арналған үздiк бағдарлама«Өрлеу» БАҰО АҚ 2019 жылы сандық бiлiм беру ресурстарын жасауға көп көңiл бөле бастады.

Сандық бiлiм беру ресурстары (СББР) дегенiмiз бiлiм алатын пән бойынша интербелсендi түрде оқытуға арналған сандық ресурстар (видеоақпарат, фотосуреттер, статикалық және динамикалық пiшiмдер, дыбыстық ақпарат және басқа да материалдар).

СББР жасау мақсаты болып, заманауи бiлiм беретiн құрылғыларды қолданып Мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттар бойынша жасалған бастауыш, орта бiлiм беру бағдарламаларына арналған СББР бiр жерде жинақтау.

СББР ҚР БжҒ Министрлiгiнiң бекiтiлуiмен жасалған әр пән бойынша оқу жоспары бойынша жасалған.

СББР жасауда отандық Hand animation бағдарламасы қолданылады.

Бұл отандық бағдарлама оқытуға арналған видеоны жеңiлдетуге арналған. Бағдарламаның басты ерекшелiгi оқышуға ең жақын анимация жанрында жасалуы. Және барлық анимация компьютерлiк бағдарламада жасалады. Бағдарламаны мына сiлтеме арқылы жүктей аласыздар: https://openschool.kz

СББР келесi пәндер бойынша жасалады:

бастауыш бiлiм беру: математика, жаратылыстану;

орта бiлiм беру: математика, физика, химия, биология, информатика (робототехника).

СББР келесi режимдерде жасалады:

оқыту режимiнде;

игеретiн ақпаратты графикалық бейнелеу режимiнде;

өздiгiнен оқу режимiнде.

СББР мiндеттерi:

педагогке көмек:

әр түрлi сандық объектiлердер сабақты құрастыру;

пән тақырыбы бойынша қосымша ақпарат алу;

ақпаратты iздеудегi таптырмас құрал;

басқа педагогпен (автормен) интернет арқылы пiкiр алмасу.

оқушыға көмек:

жаңа пiшiмде ақпарат алынғанға байланысты пәнге деген қызығуышылақтың артуы;

тез арада қосымша ақпарат алуы;

виртуалды ортаны қолдану арқылы шығармашылық потенциалын дамыту;

әр оқушының ақпаратты қабылдауға байланысты ыңғайлы түрде пәндi оқытуға жағдай жасау;

оқушыларды заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс iстеуге баулып, осы салаға қызығушылықтарын арттыру.

СББР қойылатын жалпы талаптар:

Заманауи сандық бiлiм беру ресурстары

ҚР БжҒ Министрлiгiнiң пәндерге арналған оқу бағдарламасының барлық талаптарына сай болу қажет;

берiлген пән аясында оқушыны өмiрлiк проблемаларды шешуге дайындау;

көп қолданылатын видеоформаттарда көрсетiлуi;

СББР бiрге қатарлас басқа да бағдарламларды қолдану;

кез-келген жерлерде қолдануға болатындай сай жасау.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филилдары әр тоқсан сайын 10 СББР жасауы қажет. Ал, жыл соңында барлық, 17 филилдан «Өрлеу бiлiм беру арнасында» жасалып жарияланған 680 СББР болады деп жоспарлануда.

Барлық СББР жасауға ат салысқан педагогтер «Өрлеу бiлiм беру арнасында» СББР жарияланған соң сертификаттармен марапатталатын болады.

Алмаз Тұрсынбеков, ақпараттық технологиялар бөлiмiнiң басшысы

Ақпарат көзi: www.ipksko.kz

Жариялану күні: 12.03.2019