Қазақстанда жастардың жылына арналған «Педагогикалық дуэт» облыстық конкурсының финалы
2019 жылғы 31 қазанда «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» базасында Қазақстандағы жастар жылына арналған кәсіби шеберлік пен тиімді тәлімгерлік имиджінің облыстық конкурсының ақтық кезеңі өтеді.
Конкурстың мақсаты - тәлімгерліктің тиімді педагогикалық тәжірибесін анықтау және имидждеу, жас мамандардың шығармашылық бастамасы мен жаңашылдығын ынталандыру, педагогикалық сабақтастық, ішкікорпоративтік кәсіби өзара іс-қимыл, заманауи маман туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.
Ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және номинанттарды анықтайды.