Білім жаңалықтары :: Елiмiздегi мектептерде жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өттi

Елiмiздегi мектептерде жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өттi

Бүгiн елiмiз бойынша жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектептер ата-аналар жиналысын өткiздi. Мектеп әкiмшiлiгi мен сынып жетекшiлерi ата-аналарға оқу жылының баласы оқитын мектепте қалай басталатынын егжей-тегжейлi түсiндiрiп, сұрақтарға жауап бердi.

Онлайн жиын барысында сынып жетекшiлер оқушыларының ата-аналарына қазiргi эпидемиологиялық жағдайда мектептiң қандай оқыту форматын таңдағанын түсiндiрдi. Жаңа оқу жылы қашықтан бiлiм беру форматында басталады. Ата-аналардың тiлектерi мен өтiнiштерi бойынша бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқи алады. Бұл ретте бiлiм алушылар мен педагогтердiң дене қызуы күн сайын өлшенетiн болады. Кезекшi сыныпта созылмалы аурулары жоқ балалар ғана бiлiм ала алады (өтiнiште көрсетiледi). Бiр сыныпта оқушы саны 15-тен аспайтын болады. Өтiнiштердi сынып жетекшiлерi қолжетiмдi байланыс құралдары арқылы қабылдайды. «Кезекшi сыныпқа» қабылдау 25 тамызда басталады.

Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы ауылдық елдi мекендерде оқу процесi санитарлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, дәстүрлi форматта жүргiзiлетiн болады.

Ата-аналар балаларды мектепке алып келiп, үйiне өзi алып кетуi керек. Кезекшi сыныптарда сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайтын болады. Сабақтар арасындағы үзiлiстер әр сыныпқа әр түрлi уақытта берiледi. Әрбiр екiншi сабақтан кейiн кабинеттерде және әр үзiлiстен кейiн, ауысымдар арасында, дәлiздерде, холлдарда ылғалды тазарту жұмыстары жүргiзiлетiн болады. Мектеп асханасы мен буфеттiң қызметi уақытша тоқтатылды.

Бiлiм беру ұйымдары зарарсыздандыруға арналған құралдармен, аяқ киiмдi зарарсыздандыруға арналған кiлемшелермен, санитайзерлармен қамтамасыз етiледi.

Мектеп формасына қойылатын талаптар жойылмайды, бiрақ тиiстi бұйрыққа уақытша өзгерiстер енгiзiледi. Яғни ата-аналар жаңа оқу жылында (1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейiн) баласын мектепке мектеп формасымен немесе басқа ыңғайлы киiммен жiберуге қатысты шешiмдi өзi қабылдайды.

Шағын жинақты мектептерде оқитын оқушылардың ата-аналарына да санитарлық шараларды сақтау қажеттiлiгi туралы айтылды.

Сондай-ақ бүгiн балалары қашықтан оқитын ата-аналар үшiн бiлiм беру платформаларының мүмкiндiктерi көрсетiлдi. Айта кетейiк, Бiлiм және ғылым министрлiгi қандай да бiр бiлiм беру интернет-платформасын таңдауға қатысты шешiм қабылдамайды. Әрбiр мектеп қашықтан оқытуды ұйымдастыруға негiз болатын интернет-платформаны өзi таңдайды.

Өткен оқу жылының төртiншi тоқсанындағыдай, дүйсенбiден жұмаға дейiн "Балапан" және "Ел-Арна" республикалық телеарналарында қосымша бiлiм беру ресурсы ретiнде пайдалану үшiн телесабақтар көрсетiлетiн болады.

Сонымен қатар карантиндiк және шектеу шаралары жағдайында 1-11(12) сыныптарда оқу жетiстiктерiн бағалау жүйесiне қатысты уақытша өзгерiстер енгiзiлдi. Жаңа оқу жылында тоқсан сайын бөлiм үшiн 1 жиынтық жұмыс және тоқсан үшiн 1 жиынтық жұмыс жүргiзiледi. Тоқсандық бағалау күнделiктi бағалау, БЖБ және ТЖБ көрсеткiштерi негiзiнде шығарылатын болады.

Ақпарат көзi: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu?lang=kk

Жариялану күні: 20.08.2020