Оқы орындарының жаңалықтары :: 3 сәуір күні 11-сынып оқушылары Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде өткен Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара барысында оқушылар оқу бағыттарымен, қабылдау шарттарымен және оқу ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, олар оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап, медицина мамандығы туралы маңызды ақпарат алды. Кездесу қызықты әрі танымдық өтті және оқушыларға жағымды әсер қалдырды.
Жариялану күні: 03.04.2026