Оқы орындарының жаңалықтары :: “17 наурыз - шаңырақ күніне”
Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында “17 наурыз - шаңырақ күніне” байланысты бүгін мектеп оқушылары “Менің әулетімнің тарихы” атты видеороликтер түсірді. 📸
5Ә сынып оқушысы Бакибаева Нурсая бұл бейнероликте өз отбасы жайлы сыр шертеді. Видео барысында отбасылық фотосуреттер көрсетіліп, әрбір сурет арқылы әулетінің тарихы, ата-бабаларының өмірі мен өнегесі таныстырылады.
Әр отбасының өз тарихы бар, ал оны білу – үлкен мақтаныш. Осындай жұмыстар оқушылардың отбасыға деген құрметін арттырып, өткенге деген қызығушылығын оятады.
 
Жариялану күні: 17.03.2026