Құтқарушылар күнi қарсаңында Төтенше жағдай қызметi 10 жаңа автокөлiкпен толықты. Былтыр 11 заманауи машина алынған едi. Жаңа техниканың мүмкiншiлiктерiн облыс әкiмi Құмар Ақсақалов тексердi.
«Қазiр облысымыздың құтқару қызметiнде 406 бiрлiк әр түрлi техника бар. Былтыр 11 заманауи өрт сөндiру және құтқару көлiгi алынды. Бүгiн тағы 10 машина келдi, бұл техника аудандарға жөнелтiледi. 19-шi қазанда елiмiзде Құтқарушы күнi аталып өтiледi. Жанкештi әрi қиын қызмет жасап жүрген құтқарушыларға алғыс бiлдiремiн. Құтқару қызметiнiң 25 жылдығы қарсаңында Президенттiң шешiмiмен Төтенше жағдайлар министрлiгi қайта құрылды. Осының арқасында құтқару қызметi одан әрi жетiлiп, дами түспек», — дедi өңiр басшысы.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko