Оқы орындарының жаңалықтары :: "Құқықтық кеңес беру"

Мектебіміздің мобилдік топ мүшелері "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында" өтіп жатқан "Құқықтық кеңес беру" жоспары аясында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде ата-анасының рұқсатынсыз жүрмеуін қадағалау, түрлі әлімжеттік қылықтардың алдын алу мақсатында жастар көп шоғырланған жерлерде түнгі уақыттағы рейд жұмыстары жүргізілді. Рейдтік жұмыстар кезінде жастар көп шоғырланатын жерлер қадағалап,дүкендер тексерілді. Аталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Ата-аналарға кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 кейін көшеге шығуына қатаң тыйым салынатынын ескертеміз.

Жариялану күні: 02.04.2021