«Бүгін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездестім. «Samruk-Kazyna Construction» – еліміздегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асырудың бірыңғай операторы. Ұлттық жоба аясында Петропавл қаласының шағын аудандарында 4 мектеп салу жоспарлануда. Биыл екі мектептің құрылысы басталады. Кездесуде ұлттық жобаны жүзеге асыру және мектептердің құрылысына дайындық жұмыстарының барысы талқыланды», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/4?lang=kk