Пандемияға байланысты шығармашылық байқаулар қазiр онлайн форматта өтiп жатыр. Талантты жеткiншектер өз өнерлерiн үйден шықпай-ақ паш ете алады. Бұл мүмкiндiктi 12 жастағы әншi жерлесiмiз Ангелина Аракелова барынша пайдалануда.
Бүгiнде күмiс көмей жеткiншек бiр уақытта 5 бiрдей онлайн-конкурсқа қатысып жатса керек. Ал жуырда Ангелинаның / желi арқылы өткен халықаралық өнер фестивалiнде бағы жанды. Өнерпаздың әдемi дауысын қазылар алқасы жоғары бағалап, 1-шi орын берген. Диплом мен медалiн Ангелина пошта арқылы алыпты.
Ангелина Аракелова, халықаралық онлайн-байқаудың жүлдегерi:
– Осы жетiстiктiң арқасында Бiшкек қаласы мен Түркия елiнде өтетiн бiрқатар байқаулар мен фестивальдерге жолдама алдым. Қазiр мен «Таланттар шоқжұлдызы» атты онлайн-конкурсқа қатысып жатырмын. Мұнда қазылар алқасы жоқ, жеңiмпазды халық желiде дауыс беру арқылы таңдайды.
Саят Ермек
Ақпарат көзi mtrk.kz



