Өңір жаңалықтары :: Солтүстiк Қазақстанда хоккей корты ашылды

Ғабит Мүсiрепов ауданында «Sunqar» атты жаңа хоккей корты ашылды. Осылайша, жас спортшыларды дайындау үшiн қолайлы жағдайлар жасалды.⠀

Биыл 5 аудан орталығында хоккей корттары салынуда. Жыл соңына дейiн Мамлюткада ашылады. Қаңтар айында Булаев пен Тимирязевте хоккей кешендерi қолданысқа берiледi. 2021 жылы бюджет есебiнен тағы 7 хоккей корты салынады.⠀

«Әр ауданда стадион жанынан хоккей корты, спорт кешенi салыну керек. Бұл «кiшi олимпиада ауылына» айналмақ. Келесi жылы бұл кешендерде футбол, хоккей, баскетбол және волейболдан тұрақты чемпионаттар өткiзетiн боламыз. Биыл аудандарда 6 спорттық-сауықтыру кешенiнiң құрылысы жалғасуда. Аталмыш нысандар спорт жарыстарының орталығына айналмақ», — дедi Құмар Ақсақалов.

Солтүстiк Қазақстанда хоккей корты ашылды

Солтүстiк Қазақстанда хоккей корты ашылды

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko

Жариялану күні: 26.12.2020