Өңір жаңалықтары :: Тоқаев Мағжан колледжiн 100 жылдық мерейтоймен құттықтады

Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.

«Биыл Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждiң құрылғанына 100 жыл толды. Колледждiң ғасырлық мерейтойына орай Қазақстан Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады. Бүгiн Президенттiң хатын колледж ұжымына тапсырып, атаулы мерекемен құттықтадым.⠀

Бүгiнде колледж елiмiздегi үздiк оқу орындарының қатарында. Қазақтың ұлы ақыны Мағжанның оқытушылық iсiн бүгiнгi ұстаздар абыроймен жалғастырып келедi. 100 жылда бiлiктi педагогтер 30 мыңнан аса маманды даярлап шығарды. Еңбек нарығында бiлiм ордасының түлектерi үлкен сұранысқа ие. Тарихы бай колледждiң мәртебесi өсе берсiн», — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Тоқаев Мағжан колледжiн 100 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/

Жариялану күні: 26.11.2020