Оқы орындарының жаңалықтары :: Бүгін 10 мамыр Аналар күні!Ана мейірім мен махаббатты, шексіз төзім мен даналықты бойына жинаған жан. Аналарымыздың қадірін түсініп,әр айтқан ақылын, берген тәлімін бағалай білейік.Ана ұлттың ұйытқысы.Ана тілдің- тұмары.
Рахмет сізге, ана, бізді өмірге әкеліп, аялап өсіргеніңіз үшін.
Рахмет сізге, ана, ұйқыңызды бөліп, түн ұйқыңызды төрт бөлгеніңіз үшін.
Рахмет сізге, ана, қайғыда жұбатып, қуанышта бірге күле білгеніңіз үшін.
Рахмет сізге, ана, сабыр мен шыдамдылықтың, мейірім мен махаббаттың үлгісі болғаныңыз үшін.
Жариялану күні: 10.05.2026



