Оқы орындарының жаңалықтары :: БУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ

7-сынып оқушыларымен педагог-психолог «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — буллингтің алдын алу, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру, бір-бірін түсіну және толерантты қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында оқушылар буллинг ұғымын, оның негізгі көріністері мен салдарын талқылады. Жеке шекараны сақтау, өзара құрмет, құрдастарына қолдау көрсету және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жариялану күні: 27.11.2026



