Тайынша ауданы Алабота орта мектебінің 5 сынып оқушысы Елдос Жангелді «жануарлар-менің достарым» атты республикалық экологиялық сурет байқауына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
Экологиялық сурет байқауы Президенттің тапсырмасымен, ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің бастамасымен өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға «EDUStream» компаниясы қолдау көрсетті. Байқауға өтінімдер 1 сәуір мен 30 маусым аралығында қабылданған. Жас ерекшеліктері де ескеріліп, тек 6-17 жас аралығындағы балалар қатысты. Нәтижесінде сурет сайысына 4,5 мыңға жуық еңбек келіп түсті. Балалардың еңбектері жас ерекшеліктеріне қарай 4 санат бойынша бағаланды. Елдостың суреті өз жас санатында үздік деп танылған. Енді ол әлемдегі жағдай тұрақталғаннан кейін Австрияның Вена қаласында өтетін көрмеге қатысады. Бұл көрмеде Елдостың суреті де көрермен назарына ұсынылмақ. Сонымен қатар, жеңімпаздардың еңбектері Қазақстанның әр қаласындағы билбордтарға ілінбекшы.
Зуммен МОНдағы жиналыс.
ЕЛДОС ЖАНГЕЛДІ, ЖЕҢІМПАЗ:
Бұл сайысқа қатысуға жетекшім маған ұсыныс жасады. Мен бірден қабыл алдым. Конкурсқа дейін мен пілдерді қолға үйрету үшін қалай қинайтындарын оқыдым. Қағаз бетіне осы көріністі елестетіп салуға тырыстым. Сурет салғанда олардың көрген азабын өз бойымнан өткізгенім соншалық, көзіме жас келді. Менің басты мақсатым, барлық адамдардың жануарларды қорғауға, аялауға шақыру.
Ақпарат көзі:petropavltv.kz