Колледж студенттерi «Кәсiпкерлiк негiздерi» арнайы курсын оқиды. Курстың жалпы ұзақтығы — 36 сағат. Бұл курстың негiзгi мақсаты — жастарды кәсiпке бағыттау. Курс аяқталғаннан кейiн студенттер өздерiнiң бизнес жобаларын қорғайды, оны аймақтық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi бағалайды және сертификаттар бередi.
Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде бұл пәндi О.А.Оньшина 385 соңғы курс түлектерiмен жүргiзедi. Сабақта студенттер бизнес деген не, кәсiпкерлiк деген не екендiгi туралы түсiнiкке ие болып, жеке бизнес-жобаларын құруға тырысты.
«Электр және электромеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша №34 топ студенттерi қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, пәндi оқып, он-лайн режимiнде жеке бизнес жобаларын қорғады.
Бұл бизнес жобалары бiздiң түлектерiмiздiң бизнес әлемiндегi алғашқы қадамы болады және болашақта олар Қазақстанның дамуына өз үлестерiн қосады деп сенемiз.
Ақпарат көзі: http://uob.sko.gov.kz/page/read/Distancionnye_obrazovatelnye_tehnologii.html?lang=kz



