
2020 жылдың 24 сәуірінде «Бірге оқимыз - бірге шешеміз» атты практикалық-бағытталған онлайн-вебинар өтті.
Спикерлер – Нұр-Сұлтан қ. РФММ және Қазақстан білім беру үшін Google серіктестігінің «EDTECH-KZ» ХБО өкілдері, филиал қызметкерлері.
Вебинар модераторлары - филиал оқытушысы Д.О. Даулетова, бас мамандар А.Е. Кенбеилова, К.С. Жолдогарин.
Спикерлер педагогтерді G-Suite (Google for Education) платформасының мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар вебинар барысында Google Classroom және Google Meet-те, білім беру құралы ретінде Telegram мессенджерінде жұмыс істеу мүмкіндігі туралы айтылды.
Вебинар форматы – онлайн режиміндегі диалогтық және пікірталас алаңы.
Қатысушылар – СҚО білім беру ұйымдарының педагогтары.
Әлеуметтік әсер – қашықтықтан оқытуды жетілдіру үшін
педагогикалық қоғамның күш-жігерін біріктіру.
Ж. Дюсембаева, филиал маманы
Ақпарат көзі www.ipksko.kz



