Мұхтар Әуезовтың "Қорғансыздың күні" және Бек Тоғысбаевтың "Әкең де бала болған" атты кітаптары оқуға ұсынылды
Мектебіміздің 11"а" сыныбында Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасының алғашқы тұсаукесері өтті. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қолға алынған іс-шараға арнайы жоспар жасалынып, 8 "а" сыныбына Мұхтар Әуезовтың "Қорғансыздың күні" және Бек Тоғысбаевтың "Әкең де бала болған" атты кітаптары оқуға ұсынылды. Әзірге оқудың 1 кезеңі – сапалы оқу дағдысына жұмыс бойынша жүргізілді. (жүгіртіп оқуға тұрақты жаттығу, оқыған шығарманың көлемі мен санын ұлғайту). Оқушыға жүгіртіп оқуға дағдыланбай тұрып басқа барлық пәндерді меңгеру қиын болады. Көркем әдеби шығарманың мәтінін меңгеру және одан қажетті ақпаратты алу мүмкіндігін дамытуға баса назар аударылды.