Оқы орындарының жаңалықтары :: Мамыр – Ынтымақ айы

Бүгін мектебіміздің оқушылары «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында «Бірлік, Жасампаздық» (1-4 сынып) тақырыбында диктант, эссе (5-11 сынып) жазды.
Мақсат – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу, кітап оқу сауаттылығын арттыру.
Бұл күні еліміздегі көпұлтты этностардың «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз!» қағидасын сақтай отырып, ұлттар бір шаңырақ астында береке мен бірлік, татулық пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын айта кеткен жөн.

#біртұтастәрбие
#төрттоқсантөртөнер

 

Жариялану күні: 03.05.2024