Оқы орындарының жаңалықтары :: Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі
М. Ахметбеков атындағы орта мектебінде 10 қазан күні халықаралық қыздар күніне орай « Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» атты тәрбие сағаты 8-ші сынып пен 11-ші сынып қыздары арасында өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу. Тәрбие сағаты сұрақ-жауап, пікірталас, баяндама ретінде өтті. Екі топқа бөлініп, қыздар бойында кездесетін қасиеттерді кластерге топтап жазып, қорғады. Екі топтың қыздары үйге берілген тапсырма бойынша салат дайындады. Осы тапсырмалар арқылы бірліктерін көрсете білді.
 
 
 
 
 
 
 
 
Жариялану күні: 11.10.2022