Өңір жаңалықтары :: "Жаңа Қазақстан: Жас педагогтердің рөлі" форумы өтті

Облыс орталығында Ұстаздар күні кәсіби мерекесі қарсаңында «Жаңа Қазақстан: жас педагогтердің рөлі» атты бірінші халықаралық жас педогогтер форумы өтті. Жиынға облыстан, еліміздің басқа да аймақтарынан барлығы 300-ден астам жас маман қатысты. Бұл туралы әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

 
«Жаңа Қазақстан: жас педогогтердің рөлі» атты халықаралық форум өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат - мамандардың біліктілігін арттырып, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу. Жалпы бүгінде өңірімізде 3 мыңнан астам жас маман еңбектеніп жатыр екен. 

 НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Осы форумда тек қана СҚО жас педогогтері ғана емес, басқа облыстардан басқа қалалардан өкілдері қатысып отыр. Форум алдында бірнеше площадка бойынша жұмыс болды. Педогогтер осы площадкаларда пікір алмасып, проблемаларды талқылады. Қазіргі таңда облысымызда 3 мыңнан астам жас педогог жұмыс істейді. Осы 3 мың педогогтің ішінде 260 педогог биыл бірінші рет жұмысқа қабылданды.»
 Айта кетейік, форум аясында жас педогогтерге арналған «Дебют» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Оған өңірдің барлық жас мамандары қатысты. Аталмыш сайысқа Есіл ауданы №1 Явленка орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мерей Тоғамбаева қатысып, бірінші орыннан көрінді.

 МЕРЕЙ ТОҒАМБАЕВА, № 1 ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
«Менің жұмыс өтілім – 1 жыл. Екінші жыл жұмыс істеп жатқан кезде осы «Дебют» конкурсы туралы естідім. Және ең бірінші кезең ол эссе жазу болды. Эссе жазудан аудандық кезеңнен өткесін белгісіз бір сыныпта сабақ беру керек болды. Ол кезеңнен де мен өттім. Және үшінші кезең ол бізде жоба бойынша жұмыс жасау және оны қорғау керек болды. Менің жобамның тақырыбы ағылшын тілін оқытуда балалардың тілдік дағдыларын қалыптастыру. Білеміз көп ағылшын тілінде балалар грамматикасы жақсы болса да, сөздік қоры жақсы болса да сөйлей алмайды. Менің әдіс-тәсілдерім балалардың тілдерін дамытуға көмектеседі.»
 Бүгінгі форумға Астана, Алматы және басқа да өңірлерден спикерлер келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Дулат Аманжолов – Батыс Қазақстан облысындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші сарапшысы болып еңбек етеді. Ол жиын барысында жас мамандарға «SАМR: оқытудағы жаңа технологияларды қолдануды бағалау моделі» тиақырыбында баяндама жасады.

 ДУЛАТ АМАНЖОЛОВ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:
«SAMR моделі осыдан 20 жыл бұрын Гарвард университетінде құрастырылған. Ол 4 моделден тұрады. Бұл жерде мұғалім цифрлық технологияны қарапайым ғана қолданбау қажет. Мысалы біз кітапты алсақ, оның орнына электронды кітапты қолдансақ ол ешқандай дәстүрлі оқытудан айырмашылығы болмайды. Тек қана құрал ғана ауысады. Ал бұл жерде біз құралдар арқылы барлық балалардың және мұғалімдердің мүмкіндігін кеңейту. Осындай цифрлы технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, оларға сапалы білім еру. Яғни, сабақтың мақсатына жету.»
Бүгінгі форумға қатысқан мұғалімдердің біліктілігі артқаны сөзсіз. Сондықтан аталмыш форум алдағы уақытта уақытта дәстүрге айналып, жыл сайын ұйымдастырылады.

 
Нұрбол Балғабеков
 
Ақпарат көзі: https://qyzyljartv.kz/kz
 

 

Жариялану күні: 23.09.2022