Білім жаңалықтары :: Елiмiзде онлайн бiрыңғай сынып сағаттары өттi

Бiрлiк пен келiсiм! 130-дан аса этнос өкiлiн бiр шаңырақ астына жинаған мемлекет. Бүгiн елiмiздiң барлық мектептерiнде 1-шi Мамыр күнiне орай онлайн бiрыңғай сынып сағаттары өттi. Шарада көпұлтты мемлекет болудың ерекшелiгi мен ауызбiршiлiктiң маңызы туралы айтылды. Тәрбие сағатына әрiптестерiм де қатысып қайтты.

3-шi апта бойы Серiк Смағұловтың жұмыс күнi дәл осылай басталады. Оқулықтарды парақтап, тарих пәнiнiң мұғалiмi балаларға археологиялық қазбалар, тастарға қашалған жазулар мен мемлекеттердiң құрылуы туралы мәлiмет дайындайды. Бiрақ, педагогтың бүгiнгi мақсаты басқа. Ұстаз бiрыңғай сынып сағатына әзiрлену үстiнде. Онлайн шара Бiрлiк күнiне арналған. №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенi үшiн мерекенiң маңызы зор. Оқу ұясында 20-дан аса ұлт өкiлi бiлiм алады. 1 Мамыр күнiн де олар әрдайым ерекше атап өтедi. Ал қашықтықтан оқыту мейрамды ұлықтауға еш кедергi емес.

Серiк Смағұлов — №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенi тарих пәнiнiң мұғалiмi:

– Мен 10 «В» сыныбының жетекшiсiмiн. 26 оқушы бiлiм алады. Қазақ және орыстардан бөлек, қырғыз, түрiк, немiс, украин ұлттарының өкiлдерi бар. Балалар өте тату, ұйымшыл.

5-шi сынып оқушыларында ән-күй болып жатыр деп ойлап қалған шығарсыз. Бiрақ, бұл да бiрыңғай тәрбие сағаты. Физика пәнi мұғалiмi Саяш Қайруллина ұл-қыздармен дәл осындай форматта жұмыс iстеудi жөн көрiптi. «Атамекен» әнiн шырқағаннан кейiн, олар бүгiнгi тақырыпты талқылауға көштi. Педагог алдымен оқушыларға Қазақстанның қалай көпұлтты мемлекеткеайналғанын баяндап, Бiрлiк күнi мерекесiнiң пайда болу тарихымен бөлiстi. Кейiн кезек жеткiншектерге де жеттi. Балғындар мейрам жайында бiлгендерiмен бөлiсiп, татулық пен ынтымақ туралы мақал-мәтелдердi жарыса айтты.

Саяш Қайруллина — әл-Фараби мектеп-лицейiнiң физика пәнi мұғалiмi:

– Бұл сынып сағатын өткiзу үшiн мен өз алдыма мақсат қойдым. Ел iшiндегi түрлi ұлт өкiлдерiнiң өзара сый-құрметiн арттырып, ортақ құндылықтарды насихаттау.

Бiрлiк күнiне арналған бiрыңғай сынып сағаттары бүгiн ел мектептерiнде онлайн форматта ұйымдастырылды.

Эльмира Садвокасова

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 30.04.2020