Қыркүйек айының 30 –ы күні М.Ахметбекова атындағы орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай «Дублер күні ұйымдастырылды. Мектеп парламенті мүшелері мен 11 – сынып оқушылары мұғалімдерге дублер болып, сол күнгі мектеп жұмысын өздері атқарып шықты. Сонымен қатар ұстаздар ұжымын 12 – сынып оқушылары етіп, олармен де сабақ өткізді. Өздері сабақ кестесін, қоңырау кестесін құрып, бар жауапкершілікпен сабақтарын өткізіп, оқушыларды үйлеріне шығарып салды.
 
 
 
 
 
 
Жариялану күні: 30.09.2022