12-күн. «Картоп күні» 🥔
Мектеп жанындағы лагерьдің 12-күні көңілді «Картоп күні» атауымен өтті.
Бұл күні балалар картоптың адам өміріндегі маңызы мен пайдалы қасиеттері туралы көп қызықты мәліметтер білді. Сонымен қатар картоптың басты зиянкесі — колорад қоңызымен күресуге көмектесіп, танымдық ойындар мен жарыстарға белсене қатысты.
Балалар ерекше қызығушылықпен картоп пісіріп, түрлі көңілді картоп ойындарын ойнады. Картоп пішініндегі ашықхаттарға өз тілектерін жазып, картопқа мол әрі жақсы өнім тіледі.
Іс-шараның мақсаты: балалардың картоп туралы білімдерін кеңейту, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс жасауға баулу және еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Балаларға картопты зиянкестерден қорғау, ойындарға қатысу, картоп пісіру және жылы лебіз жазылған ашықхаттар жасау ерекше ұнады. Күн өте көңілді, танымды әрі есте қаларлықтай өтті! 🌟🥔
 
 
 
 
 
 
 
Жариялану күні: 18.06.2026