Оқы орындарының жаңалықтары :: Биыл студент атанған мектеп түлектері «Ұстазыңды құттықта!

Биыл студент атанған мектеп түлектері «Ұстазыңды құттықта!» челленджіне қатысып, сынып жетекшілері Жазгүл Дулатовнаға бейнеқұттықтау жолдады. « Сіздерден жыраққа кеттік, бірақ 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымды қатты сағындық. Ұстаздарымыз бізге ұрысса, жаман көргендіктен емес, біздің дұрыс бағыт тауып кетуіміз үшін екен. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, қызығы қатар болатын мамандық иесі болу біз үшін үлкен мәртебе! Біздің аяулы ұстаздарымыз, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілейміз. Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Әрдайым саналы да, тәрбиелі шәкірт дайындаудан шаршамыңыздар!!!» - делінген құттықтау хатта. Видео құттықтау ссылка арқылы көруге болады https://www.facebook.com/100022843364704/videos/1291162531669739

Жариялану күні: 30.09.2022