Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Адамға деген қамқорлық, мейiрiмдiлiк шарасы ретiнде екiншi дүние жүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн әлем халықтары БҰҰ-ын құрды. Оның басты мiндетi — дүние жүзiнде бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау, нығайту, мемлекеттер арасындаға ынтымақтастықты дамыту. Себебi, адам құқығы аяққа басылып, зорлық-зомбылық күшейген елде қантөгiс болатынын, соның салдарынан бейбiт халықтың қырғынға ұшырайтынын тарих тәжiрибесi көрсетiп отыр.
1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясын» қабылдады. Дүние жүзiлiк тарихта тұңғыш рет адамдардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қарайтын заңды құжат қабылданды. Бұл құжатты дүние жүзiнiң барлық мемлекеттерi басшылыққа алып, iске асыруға мiндеттi.