Оқы орындарының жаңалықтары :: Ақпарат
2026 жылғы 30 қаңтарда «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің 7 «А» сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Гермес Агро» ЖШС-не барды.
Экскурсия барысында оқушылар заманауи агроөнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірістік үдерістің қалай ұйымдастырылатынын, ауыл шаруашылығы саласында қандай мамандар еңбек ететінін және бүгінгі таңда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екенін білді. Сондай-ақ агробизнестегі жаңа технологиялардың рөлі, саланың даму перспективалары мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мектепте алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді және болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар береді. Танымдық әрі мазмұнды экскурсия үшін «Гермес Агро» ЖШС қызметкерлеріне және өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарлануына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Жариялану күні: 02.02.2026



